«Тамаша қызметіңіз үшін рахмет!». Осындай сөздермен БҰҰ-ның инспекциялық тобы қазақстандық жиынтық бітімгершілік ротасының базасын тексеруді аяқтады.

Ливандағы қазақстандықтардың бітімгершілік базасына «БҰҰ бөлімшелері дайындығын жалпы тексеру» инспекциялық тобы барды. Инспекцияның басты мақсаты – қару-жарақ пен әскери техниканы, байланыс құралдарын, оптикалық көздегішті, ротаның барлық мүліктерінің дұрыстығын тексеру, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық норманы сақтау.
Тексерістің нәтижесі бойынша мамандар барлық үнділік батальонның ішінен екінші жиынтық бітімгершілік ротаны жақсы жағынан атап өтті.
Екінші қазақстандық бітімгершілік ротасы «Үнді батальонының құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентін өрістету тәртібі туралы» Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы келісімге сәйкес «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысады. Миссияда болған кезеңде «кәсіби бітімгершілік» мәртебесін өзіне бекітті.
«Қазақстандық әскери қызметшілер өте ержүрек. Мен бұл миссияда жүргеніме бір жыл болды. Бірінші және екінші бітімгершілік ротасымен танысып, бірге қызмет еткеніме қуаныштымын. Олардың бойларында қобалжу мен қорқыныштың жоқ екені мені таңғалдырады. Бірінші ротация миссиясы барлық міндеттерге бірден кірісті. Жазғы кезеңде қандай жағдай болатынын білмесе де, оларды екінші рота алмастырды. Екінші ротаның қызметі кезінде Израиль әскері Ливанның аумағына зымыран соққысын жасағаны және Ливанның барлық аумағын басып алған демонстранттардың жаппай наразылық актілері болғаны бәріне белгілі», – деп атап өтті Индонезия өкілі.
«Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» әскерлер штабынан инспекциялық топты жеке алып жүрген, БҰҰ Индонезиялық әскери полициясы контингентінің командирі, полковник Сони қазақстандық бітімгерлер қызмет етіп жүрген базаның деңгейін атап өтті.
«Мұндай қауіпті сәттерде БҰҰ барлық қозғалысты шектейді, барлық патрульдер тоқтатылады. Тіпті бітімгершілік базалары да сумен де, тамақпен де, басқа да қажеттіліктермен жабдықталмайды. Мұндай жағдайда қазақстандықтар инспекциялық топты жоғары деңгейде қарсы алды. Осындай жағдайларда бәрі де осылай өткере алмайтындығын ескеру керек!», – деп атап өтті ол.
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар