Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің орталық аппаратында таяуда дәстүр бойынша донор күні ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығының мамандарына 50 әскери қызметші өз еріктерімен донорлық қан тапсырды. Іс-шараға Шекара қызметінің Әскери-медициналық басқармасы мұрындық болды. Шекаршылардың бұл іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты халықтың денсаулығына үлес қосып, ауыр науқастардың сауығып кетуіне «қарлығаштың қанатымен су сепкендей» болса да қолдан келген көмектерін көрсету болып отыр.