Қазақстан • 08 Қараша, 2019

Елорданың тағы бір проблемалық нысанына жан бітті

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таңертеңгі аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарына барды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елорданың тағы бір проблемалық нысанына жан бітті

«Тұрғын үй кешені «Елорда құрылыс компаниясының» қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады. Үлескерлердің саны - 262 адам. Қазір құрылыс салушының қолында барлық қажетті құжаттар бар. Үйді 2021 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Елорда әкімі барған екінші нысан «Жағалау-3» (30 блок) тұрғын үй кешені болды. Мұнда үйді инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Электр, жылу және сумен жабдықтау, жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Қала әкімі А. Көлгіновпен кездесу барысында тұрғындар жұмыстар толық жүріп, үйдің көз алдында өзгеріп жатқанын атап өтті. Бұл тұрғын үй кешенінде 300-ден астам үлескер бар.

Қалада барлығы 51 аяқталмаған нысан (76 үй) болды. Биыл қала әкімдігі 3 тұрғын үй кешенін (5 үй) пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізді. Жыл соңына дейін тағы 7 үй құрылысын аяқтау жоспарлануда» делінген хабарламада.