Хорватиялық легионер, «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов биылғы ел чемпионатының теңдессіз ойыншысы деп танылса, Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген өрендер арасында «Қайраттың» сайыпқыраны Бауыржан Исламханға тең келер ешкім табылмады.
Өзге аталымдар бойынша мына футболшылар үздік шықты:
қақпашы – Дмитрий Непогодов («Ордабасы»),
қорғаушы – Дмитрий Шомко («Астана»),
жартылай қорғаушы – Бауыржан Исламхан («Қайрат»),
шабуылшы – Абат Айымбетов («Ақтөбе»),
бас бапкер – Стойче Младенов («Қайсар»).
Сондай-ақ футболдан Қазақстан біріншілігінің бірінші және екінші лиганың, әйелдер мен жағажай футболының және футзалдан өткен сайыстардың үздіктері де түрлі сыйлықтарға ие болды.
АЛМАТЫ