Байтұрсын Ілияс ғұмырының 33 жылын ғасыр бойы елдің «көзі, құлағы һәм тілі» болған «Егемен Қазақстан» басылымына арнады. Ал оның осы газетке шығып жататын, қай тақырыпқа жазса да мөлдіреген мақалаларын Тобыл-Торғай өңірінің төрт бұрышындағы оқырманы күтіп отыратын.

Отыз жылда Байтұрсын аға қазақ журналистикасына қай жағынан болсын үлес қосты. Алдымен оның өзі де журналистиканың қазанында қайнады. Ол да ұстаз көрді, алдындағы ірілерден үйренді, оны өзі ұштай білді. Ол университетті бітірген соң, журналистік жолын алдымен «Орталық Қазақстан» газетінде бастады. Екі жарым жылдан соң, «Лениншіл жастың» Қостанай облысындағы меншікті тілшісі болып ауысты да, 1972 жылы «Социалистік Қазақстанның» Қостанай облысындағы меншікті тілшісіне жариялаған байқаудан сүрінбей өтті. «Қостанайға көшіп келгенде мұндағы облыстық газетте Кеңшілік Мырзабеков, Сәділ Кәдеев, Аңсаған Атымтаев, Қойшығара Салғарин (республикалық радионың меншікті тілшісі) сияқты мықты журналистер қызмет істейді екен. Тағдыр осындай аса талантты журналистермен жолықтырды, дәм-тұздас қылды. Қимас достарға айналдық», деген екен кезінде жергілікті газет тілшісіне берген сұхбатында.
Қандай қаламгер болсын, ол алдымен өзі өмір сүрген қоғамның суретшісі екені анық. Байтұрсын ағамыз еліміз Тәуелсіздігін алғанға дейін социализмнің күнделікті тіршілігін, жақсысын, жаманын сол қоғам тұрғысынан жазып отырды. Жансұлтан Демеев, Амангелді Исақов, Кәмшат Дөненбаева және басқа да еңбек адамдары жөнінде газетте құлаш-құлаш очерктері шығып жатты. Қостанайдың кенін, астығын, қайнаған еңбегін «Социалистік Қазақстан» газетінің бетінде жарқыратып көрсетуден танған жоқ. Бірақ сол 70-80 жылдардың өзінде Байтұрсын ағаның жан дүниесі мен қаламы кереғарлықты бастан кешіп, қиналғандай көрінеді маған. Күнделікті журналистік кәсіппен уақыттың шылбырына оралып жүрсе де, жан дүниесі есімдері құлыптың астында жатқан Алаш ардақтыларын аңсағандай. 80-ші жылдары бірде Ахмет, Міржақып, Мағжан туралы әңгіме айтып отырды. Мағжаннан:«Арқада Бурабайға жер жетпейді, Басқа жер ойды ондай тербетпейді. Бурабайдың көлі мен Көкшетауды, Көрмесең, көкіректен шер кетпейді. Қиясымен бұлт құшқан Оқжетпестей, Басқа тау ойды аспанға өрлетпейді. Арқада Бурабайға жер жетпесе, Алашта Кенекеме ер жетпейді» деген жолдарды жатқа айтып жіберді. «Ахаң» деп бастап, біраз әңгімелер айтты. Университет қабырғасынан енді келген біз секілді жастар үшін өте тосын әңгіме еді бұл. Ол өз әңгімесінен өзі қанағат алып отырғандай, тамсанып қояды. Көп жыл өтпей-ақ, әділетсіз қоғамның құрбаны болған халқымыз перзенттерінің есімі жарық дүниеге шықты, ақ түйенің қарны жарылды. Әсіресе еліміз Тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім, Жүсіпбек Аймауытовтың ақталуы ұлтымыздың басылған рухын аспандатты. Байтұрсын Ілияс қайта оралған Алаш ардақтылары, есіктен қарап қалған ана тіліміз, салт дәстүріміз, олардың жаңғыруы туралы шабыттана жазды. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры болған ұлтжанды азамат Зұлқарнай Алдамжардың қолдауымен 1996 жылы Ахаңның туған жері Торғай өңіріне, кіндік қаны тамған Ақкөлге «Ақ жол» ғылыми-танымдық экспедициясын ұйымдастырды. Осы сапардың негізінде «Алтын бесік» атты кітап жазды. Бұл кітап қолына тиген оқырман ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновқа жақындай, оны біле түскендей, Торғайдың тарихын көкірегіне сақтап жеткізген елдің әулие ақсақалдарының қолына су құйып, ақ шаңына аунап қайтқандай әсерге бөленетіні хақ. Байтұрсын аға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжармен қосылып, осы экспедицияның тезірек жолға шығуын бекер қалаған жоқ. Ол кезде Ахаңның көзін көрген, оның туған, өскен ортасын жақсы білетін қариялар бар еді, бірақ «пісіп» те отыр еді. Журналистің бар олжасы осы Ахметтің көзін көрген, табиғи болмысымен Ахмет өмір сүрген заманның суретін «салып беретін» ақсақалдар болатын. Бәкең соларға жеткенше асықты. Ахмет 1927 жылы Қали деген ағасының жылына Бәдрисафаны ертіп келгенде оларды жасөспірім шағында көрген Әубек атамыз айтқан әңгімелердің өзі неге тұрады?! Ахмет Байтұрсыновтың өміріне, туған ортасына қатысты алтынға пара-пар деректердің көбін осы ауылдағы көкірегі алтын сандық, құймақұлақтар беріп кетті. Ахметтанудағы танымдық, мүмкін ғылым үшін де маңызы төмендемейтін ел аузындағы деректерді жеткізген кітаптың бірегейі «Алтын бесік» десек, ешқандай ерсілігі жоқ. Сусамыр ауруынан зардап шегетін Байтұрсын ағаға осы экспедиция оңайға түсіп пе? Торғайдың ыстық күнінде және жолдың алыс, шоқырақтаған нашарлығына қарамай Торғай өңіріндегі ауылдарды бірнеше күн аралады. Жезқазған облысымен шекараласып жатқан сонау түкпірдегі Шұқыркөл ауылына тоқсанға таяп отырған Әубек қарияны іздеп келгендегі жол азабын Ақкөл ауылының әкімі Рақымжанның сөзінен байқауға да болады. «Білгеніңнің бәрін айт. Бұл балалар Ахаң үшін алыстан – сонау Қостанайдан келді. Ат арытып осынша жерден еріккеннен келіп пе? Өмірі болмаған жауын жауды бұл өңірге. Он бес шақырым жаяулап, батпақ-су кешіп, көліктерін жолға тастап, әзер жетіп отыр», деп Рақымжан қарияға түсіндіріп жатыр» деп әңгімелейді «Алтын бесіктің» авторы Байтұрсынның өзі. Байтұрсын ағаның зерттеушілік еңбегінен туған бұл кітапты болашақта Ахметті зерттеушілер де, Ахаңды біле түскісі келген оқырмандар да, жастар да аттап кете алмайтыны айқын. Туған жерін, Ахметті піріндей қадірлеген қаламгердің артына қалдырған бір ізі осы болар.
Журналист Байтұрсын аға ұлт зиялыларының тағылымдық тарихын ұнатып, жазатын еді. Солардың бірі халқымыздың алғашқы кәсіби дәрігері, Ыбырай Алтынсаринді емдеген, қасында болған Мұхаметжан Қарабаев туралы жазып қана қойған жоқ, Меңдіғара ауданындағы Введен елді мекенінің сыртында егістікке айдалып кетейін деп тұрған оның бейіті жатқан қорымды да шырылдап жүріп сақтап қалған еді және сол жерде Қайып ханның ұрпақтарынан шыққан алты сұлтанның сүйегі жатыр. Олардың арасында бала Ыбырайды Орынборда ашылған бірінші қырғыз мектебіне оқуға жіберуге себеп болған Ахмет Жантөрин сұлтан да бар.
Байтұрсын Ілиястың шыққан ортасы да, өскен ортасы да мықты болды. Ол қазаққа тау тұлғалар берген жерде туып-өсті. Ыбырай Алтынсариннің өзі ашқан, Торғайдың талай таланттары түлеп ұшқан мектепте білім алды. Ал университетте қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдері Әбіш Кекілбаевпен, Оразбек Сәрсенбаевпен және Өтежан Нұрғалиевпен бірге оқыды. Журналистикада жанкешті бейнетқордың бірі болса да, Байтұрсын Ілияс поэзияны бөтенсіген емес. Жас кезінде бірнеше поэмалардың да авторы атанды. «Ақындық, меніңше, жасқа қарамайды. Өлеңді мектепте оқып жүргенде жаза бастадым. Студент кезімде де көп жаздым. Өлеңдерім «Лениншіл жас» және басқа газеттерде де жарық көріп тұрды. Бірақ кейінірек журналистікке біржола ден қойып, өлеңнен қол үзіңкіреп қалдым» депті бір сұхбатында.
– Бәкең поэзияға ғашық адам еді. Бірақ өлеңді жазғаннан кейін үзбеу керек. Мықты ортаның ықпалы да шығар, көп оқитын, көп білетін білімдар еді. Оның жаны ақын еді ғой. Бірде екеуміз пештің алдында отырдық, ол кісі оттан көзін алмайды. «Серікбай, отқа қарап отырған қандай ғажап, ә?» деді. Мен селк ете қалдым, оның оттан қанша ой тарқатып отырғанын байқамаппын. Кейін мен осы бір сәттен туған ойды ағама арнап, «От алдында» деген өлең жаздым, – дейді ақын Серікбай Оспанұлы.
Байтұрсын Ілиястың ұстаздық еңбегі де бір төбе. Ол А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ашылған Журналистика факультетінде болашақ қаламгерлерді тәрбиеледі.Осында «Жас өркен» жастарға арналған әдеби-танымдық журналын шығарды. Ол журналист болғысы келетін студенттердің нағыз лабораториясына айналды. Жастардың жазғанын мұқият оқитын, қамқорлығы өз алдына. Негізі өзгенің шығармасынан жылтыраған тәуір ой, әдемі сөз іздеу қаламгер бойындағы адамгершілікке суарылған қасиет болатын. Байтұрсын Ілиястың алдынан білім алған жастар қазір облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істеп жүр, танымал журналистер болып қалыптасты.
Жақында ғана А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Егеменнің» оқырмандары, зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер Байтұрсын Ілиястың туғанына 80 жыл толуына орай, еске алу кешін өткізді. Байтұрсынның шығармашылығы, кісілі мен кішілігі туралы сағынышқа толы әңгіме шертілді.
Байтұрсын Ілияс 2003 жылы қарашаның қара суығында келмес сапарға аттанды. Кемеңгер қаламгер Әбіш Кекілбаев ардақты досы туралы көңіл айтуында: «Көкірегінен көгершін ұшырған арманшыл ақын еді. Ақиқат пен әділет сөзін сөйлеген адал азамат еді. Көкейкестіні айтқан қайратты қаламгер еді. Қаршадай бойына асқар таудай қасиет сыйғызған абзал адам еді. Жер бетінде бізбен бірге өмір сүргеніне, артына сөз, шаңырағына көз қалдырып үлгергеніне шүкіршілік етеміз», деген екен. Бұған ешкімнің қосып-алары бола қоймас.
ҚОСТАНАЙ
Дмитрий Баландин АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 21:48
Жезқазғанда тамақтан уланған оқушылар жазылып шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:06
Урбанистік орталыққа айналудың бір тұтқасы
Аймақтар • Бүгін, 19:05
Қарағандыда Antikor Ortalygy мекемесі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 18:45
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Алматылық дизайнердің Стокгольмде көрмесі ашылды
Руханият • Бүгін, 16:19
Бокс: Конфедерация кубогының финалына шыққан командалар анықталды
Спорт • Бүгін, 16:17
Алматыда жас өрендердің жарысы аяқталды
Спорт • Бүгін, 16:06
Қарқаралы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:02
«Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді
Аймақтар • Бүгін, 15:59
Алматыдағы Орталық музейде «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме өтеді
Руханият • Бүгін, 15:57
Алматыда академик Валентина Жұмағұлова атындағы дәрісхана ашылды
Руханият • Бүгін, 13:34
Алматыда 128 мыңнан астам оқушы қазақ тілінде білім алады
Руханият • Бүгін, 13:25
Алматы әкімі зияткерлік және шығармашылық олимпиадалардың жүлдегерлерін құттықтады
Руханият • Бүгін, 13:19
«Ел бірлігі – 2019» марапаттау салтанаты өтті
Руханият • Бүгін, 13:14
Алматыда «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Руханият • Бүгін, 11:58
Аударыспақ спорты жастарды күштілік пен төзімділікке тәрбиелейді
Спорт • Бүгін, 11:51
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
Руханият • Бүгін, 10:26
Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті
Президент • Бүгін, 09:45
Дарынды оқушыларды қолдаудың Жол картасы: мүмкіндіктер қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:40
Президент Германия бизнесінің өкілдерімен кездесті
Президент • Бүгін, 09:38
Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады
Спорт • Бүгін, 09:15
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • Кеше
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • Кеше
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • Кеше
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • Кеше
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • Кеше
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • Кеше
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • Кеше
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • Кеше
Маңғыстауда полицейлер арасында чемпионат өтті
Аймақтар • Кеше
Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы
Аймақтар • Кеше
МӘМС: Тіркелген тұрғындар үлесі 90 процентке жетті
Қоғам • Кеше
Елордада Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады
Экономика • Кеше
Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG өзара меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Қоныс аударушыларды қолдау қандай?
Қоғам • Кеше
Алматы облысында 9 айда 1700 көлік апаты тіркелді
Қоғам • Кеше
Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді
Парламент • Кеше
Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар