Спорт • 13 Қараша, 2019

Теннис: Лондонда АТР-дің қорытынды турнирі өтуде

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннистен АТР-дің қорытынды турнирінің екінші күні артта қалды.

Теннис: Лондонда АТР-дің қорытынды турнирі өтуде

Бьорн Борг тобындағы австриялық Доминик Тимнің қарқыны өте күшті. Алғашқы турда ол швейцариялық Роджер Федерерді тізе бүктірсе, іле-шала  сербиялық Новак Джоковичке сан соқтырып кетті. Бұл матч 6:7, 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

 

Тұсаукесер кездесуінде жеңілістің кермек дәмін татқан Роджер Федерер бұл жолы италиялық Маттео Берреттиниден басым түсті – 7:6, 6:3. Ал Андре Агассидің тобында бәсекелер бүгін өтеді.

 

Жарыстың алғашқы күні мынадай нәтижелер тіркелген еді:

Рафаэль Надаль (Испания)– Александр Зверев (Германия) 2:6, 4:6.

Стефанос Циципас (Грекия) –Даниил Медведев (Ресей) 7:6, 6:4.      

Новак Джокович (Сербия) – Маттео Берреттини (Италия) 6:2, 6:1.

Доминик Тим (Австрия) – Роджер Федерер (Швейцария) 7:5, 7:5.

Соңғы жаңалықтар