Аймақтар • 14 Қараша, 2019

Парасаттылық – басты назарда

1105 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында «Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Тек қана жазалау шаралары жеткіліксіз. Жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды» деп атап өткен болатын.

Парасаттылық – басты назарда

Әлемдік дамушы елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, сыбайлас жемқорлықпен күре­суде бірінші адам бойында кез­десетін парасаттылық, әділ­дік, адалдық секілді қасиеттерін дамыту мен бірге тұрмыстық ортада қолдана отырып, адамның жүріс-тұрыс қасиетінің басты әре­кетіне айналу қағидатын ұстанады.

Әл-Фараби өз сөзінде «Ба­қыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақ­сат қоя білуінде, ол мақ­сат­пен кездейсоқ рақат үшін емес, адам­ның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, із­гілікке бағыттап отыруында» деп парасаттылық қасиетінің ма­ғынасын ашып айтқан болатын.

Парасаттылық сана сезімі қа­зіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойын­да міндетті қолданылатын қа­сиет­тердің бірі болуы керек.

Қазіргі таңда «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасының аясында облысымыздың аудан, қала және ауылдық округтерінің тұрғындарына парасаттылық тақырыбында дәрістер өткізілді. Аталған шараға өңірдің аудан және ауыл әкімдерінің белсене атсалысқандығын айта кету қажет.

Сонымен қоса, өскелең ұр­пақтың бойында сы­байлас жемқорлыққа нөлдік төз­беу­шілік, адалдық, әділдік, пара­сат­тылық жә­не отансүйгіштік сияқ­ты құнды­лық­тарды қа­лып­­тастыру мақ­сатында Маң­ғыстау облысының білім беру мекемелерінде «1 қыр­күйек – Білім күні» мере­кесіне орай «Адалдық сағаты» шарасы өт­кізілді. Жалпы, іс-ша­рада об­лыстың 139 орта білім беру мек­тебі, 25 колледжі және 2 жо­ғары оқу орны қамтылды.

Жоғарыда аталған қасиет­тердің барлығы адам бойындағы мәдениеттілік қасиеттермен ұш­тасып келеді. Осы тұрғыда об­лыс аясында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениет қа­лыптастыру мақсатында түрлі мақсатты топтармен кездесулер өткізіледі. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және адалдық қағидатын енгізу мақсатында студенттер мен оқушылардың қатысуымен дебаттық сайыстар, «Пара берме» челленджі, «Ізгілік елшісі» волонтерлік қозғалысы, форумдар және тәрбиелік са­бақ­тар ұйымдастырылып тұ­рады. Оның үстіне Елба­сы­мыз 2018 жылғы 5 қазан­дағы Жол­дауында еліміздің өсіп-өркен­деуінде жас­тар­дың алатын орны ерекше еке­нін ескере келе, осы жылды Жас­тар жылы деп жариялаған бо­латын. Демек, жастарға сенім артып, олардың теріс жолға түс­пе­уін қадағалау – біздің мін­детіміз.

Үйде ата-ана, оқуда ұстаз, ал қоғамда жалпы азаматтар па­ра­саттылық, адалдық және әділ­дік қасиеттерін дәріптеуге тиіспіз.

 

Болат ЖЫЛҚЫБАЕВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы

 

Маңғыстау облысы