
Біздің бір топ сенаторлар 1 қарашада еліміздің экономикалық әлеуеті зор ірі индустриалды аймағы – Павлодар облысына жұмыс бабындағы сапармен барған болатын. Аймақтың тарихы бай, табиғаты сұлу, тамаша дәстүрі бар екені баршаға белгілі. Біз өз елі мен ісін жан-тәнімен сүйетін тамаша жандармен жүздестік. Мәслихат депутаттарымен, жұртшылық өкілдерімен мүдделілік тұрғысында бейресми сипаттағы емен-жарқын ашық әңгіме өрістеді. Орталық пен облыс арасындағы өзара қарым-қатынасты, аймақты одан әрі дамыту жөніндегі көптеген аса маңызды әрі ауқымды мәселелер сенаторлардың алдына қойылды. Бірқатар тақырыптарды әріптестеріміз де, өзіміз де түртіп алдық.
Біз мәселелерді жан-жақты талдай отырып, талқыға салып, сұрақтарға жауап табуды және оларды шешу жолдарын анықтауды ниет еттік. Кейінгі кезде елді индустрияландыру бағдарламасының тиімділігіне ұдайы сын айтылып келеді. Дегенмен қазіргі заманғы өндірістерді, инновациялық технологияларды және жаңа мамандықтарды игерген адамдарды өз көзіңмен көрудің жөні басқа.
Біз «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында болдық, қоспалы алюминий мен одан өнім жасайтын зауыттың жұмысымен таныстық. Автомобиль дөңгелектеріне арналған дискілер елімізде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие болып отыр. Қазіргі заманғы тамаша өндіріс, әлеуеті жоғары. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды зауытқа қабылдау жөніндегі кәсіпорын басшылығының белсенді кадр саясаты қолдауды талап етеді. Олардың көпшілігі өндіріс озаттары болып отыр. Химия саласына бағытталған он кәсіпорынның өнім көлемі де көңілге қуаныш ұялатады. Олардың қатарында 30 мың тоннадан астам каустикалық сода, 240 тонна дезинфекциялау құралдары, автокөліктерге арналған 28 мың тонна майлау материалдары, сондай-ақ 11 мың тонна агрохимиялық өнім (гербицидтер мен пестицидтер) өндірісі бар. Елімізде де, шетелде де бұл өнімдерге деген сұраныс үнемі өсіп келеді.
Барлық кездесулеріміз мазмұнды әрі пайдалы болды. Сенаторлар тобы жүздесулерді ұйымдастыруға көмектескені үшін облыс әкімі Болат Бақауовқа алғыс білдіреді. Біздің Павлодарға сапар бағдарламасының ерекше және ең маңызды бөлігі – Қазақстан Жастары конгресі күндерінің іс-шаралары болды.
Біз «Жас Ұлан» балалар қозғалысының қатарына бастауыш сынып оқушыларын қабылдау салтанатты рәсіміне, жастар еңбек жасақтарының XV «Жасыл ел» маусымының жабылу рәсіміне қатысып, ұлттық еріктілер желісіне қатысушылардың жобалар көрмесінде болдық.
Сапар соңында Қазақстан Жастары конгресінің пленарлық отырысы болды. «Жас Ұлан» балаларымен жүздесу зор әсер қалдырды. Олардың шынайылығы мен ашықтығы, Отанға адалдығы және оған қызмет етуге дайындығы бізді риза етті. Жастардың Отанымызға деген риясыз сенімі мен адалдығына куә болдық. Оны үлкендерге үлгі ретінде ұсынуға да болар еді.
Сапар барысындағы жүздесулер аясындағы Жастар конгресінің активімен әңгіме есте қалды. Көптеген балаларды өзім де біраз уақыттан бері білемін, олар менің көз алдымда өсті, өздігінен шешім қабылдайтын әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін адамдарға айналды. Олармен кездесулер, олардың бастаған істері мен жетістіктері әркез қуаныш сыйлайды. Күш-жігері қайнаған жастар толған залдан: «Сіздер үшін қазақстандық арман деген не?», деп сұрадым. Залдағы жанары ұшқын шашқан балалар бір сәтке ойланып қалды, шамалы уақыттан кейін қызу әңгімеге куә болдым. Жеткіншектер әуелі бір-бірімен, содан кейін микрофон алып, ойларын баршамен бөлісе бастады. Жастар ең маңызды мәселелерді көтерді. Бейбітшілік пен келісім, бір-біріне құлақ асу және түсіну қажеттігі, берік отбасылық қатынастар, қайырымдылық және өзара көмек туралы әңгіме өрістеді. Еліміздің және мемлекеттің балалық шақ пен балалар ұйымдарына басқаша назар аударуды қалайтындары туралы айтты. Балаларды сөз алуға ешкім арнайы дайындаған жоқ, олар ойларын бипаздап та жатқан жоқ, бірақ олардың жоспарсыз сөздерінде шынайылық пен жалын атқан жастық жігер болды. Біздің әңгімеміз ұзаққа жалғасуы мүмкін еді, өйткені көптеген жастар өз пікірлерімен бөліскісі келеді. Біз қазақстандық арман туралы әңгімені жақын арада жалғастыруға келістік.
Осынау қысқа, бірақ өте мазмұнды сапардың нәтижесінде елімізге, Отанымызға шын жүректен сенетін, оның тамаша болашағы туралы біздің сөзімізге иланатын жас жігіттер мен қыздар туралы ойларға ерік бердім. Біз, аға ұрпақ, олардың үміттері мен сенімдеріне селкеу түсіруге құқымыз жоқ. Сонымен қатар, біз жастарға үміт артуымыз әрі сенуіміз керек. Олар оған лайықты.
Қазақстандық арман қандай болуы керек деген ой бүкіл қоғамға кеңінен қанат жайса жақсы болар еді. Бізді біріктіретін, жаңа шыңдарға шақыратын арман біздің мемлекетімізді, ортақ үйімізді нығайтады.
Әлем мойындаған қазақстандық даму моделі
Қазақстан • Бүгін, 07:18
Қоғам • Бүгін, 07:15
Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді
Парламент • Бүгін, 07:10
Халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету қажет
Қоғам • Бүгін, 07:08
Жас мұнайшыларға жақсы мүмкіндік
Аймақтар • Бүгін, 07:05
Аймақтар • Бүгін, 06:58
«Таңғажайып әуен» фестивалі өтті
Руханият • Бүгін, 06:56
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Медицина • Бүгін, 06:53
Аймақтар • Бүгін, 06:52
Түркістан адалдық мекеніне айналады
Қоғам • Бүгін, 06:42
Ғасыр шежіресін таспалаған «Қазақтелефильм» студиясына – 50 жыл
Кино • Бүгін, 06:40
Сармат көсемі Санкт-Петербургке сапарлады
Қазақстан • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:32
Руханият • Бүгін, 06:30
Зорлық-зомбылыққа қатысты заңдар күшейеді
Қоғам • Бүгін, 06:25
Президент • Бүгін, 06:16
Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Президент • Кеше
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
Президент • Кеше
Ұлттық туризм шетелдік туроператорлардың қызығушылығын арттыруда
Аймақтар • Кеше
Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Өңір» депутаттық тобының Қарағанды облысында көшпелі отырысы болды
Парламент • Кеше
Мемлекет басшысы Вагит Алекперовті қабылдады
Президент • Кеше
«Алматы-2050» стратегиясында адами құндылықтар басты назарда
Аймақтар • Кеше
Елордалық авиациялық базаның құрылған күні
Үкімет • Кеше
Жамбыл кітапханасында - «Жетісудың жас қаламгерлері»
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Түркістан: Тапсырманы орындамағандар қызметімен қоштасады
Аймақтар • Кеше
Қарт қолөнер шеберлерлері киізден киімдер тігуді қолға алды
Аймақтар • Кеше
Алматының рухани келбеті ажарлана түсті
Аймақтар • Кеше
Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды
Қазақстан • Кеше
«Мастерс» турниріне тоғыз дзюдошымыз қатысады
Спорт • Кеше
Қарулы Күштерде мамандарды даярлау басталды
Қазақстан • Кеше
Футзал: Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрмыз
Футбол • Кеше
10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Ақмола облысында құқық бұзушылық көрсеткіші төмендеді
Аймақтар • Кеше
Мемлекетке тән емес қызметтер жайы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Туберкулез дерті екі сағатта анықталады
Медицина • Кеше
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Авангардты» ұтты
Хоккей • Кеше
Жаңаөзенде барлық сала мамандары ашық есік күнінде кеңес берді
Аймақтар • Кеше
Ауыр атлеттер Катарға аттанады
Ауыр атлетика • Кеше
Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шайбалы хоккей: Даррен Диц «Жұлдыздар матчында» ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың көктемінде көшеді
Қазақстан • Кеше
Кеңесте жастар мәселесі талқыланды
Аймақтар • Кеше
Кен алыбында қайғылы оқиға болды
Аймақтар • Кеше
Рудный қаласында 12 күн бойы жоғалған бала көрші ауылдан табылды
Аймақтар • Кеше
Күрес • Кеше
Ұқсас жаңалықтар