Әдебиет • 14 Қараша, 2019

Термешілер тереңнен тербеді

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.

Термешілер тереңнен тербеді

А.Тоқмағамбетов атындағы Мәде­ниет орталығында өткен сайысқа рес­­пуб­ликаның 14 облысы мен 3 ме­­гаполисінен 17 өтініш түсіп, іс жү­зінде 13 үміткер өнер көрсетті. Іс-шараны «Айтыс ақындары мен жыршы, терме­шілердің халықаралық одағы» РҚБ Басқарма төрағасы Ж.Ерман мен Қы­зылорда облыстық әкім­дігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Мақанов сөз сөйлеп ашып берді.

Халық әртісі Қ.Бекбосынов төр­ағалық еткен қазылар алқасының құ­рамында Мәдениет қайраткері, жыр­шы Е.Шалдыбеков, «Дарын» мемле­кеттік жастар сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Б.Шойбеков,  «Мәдениет саласының үздігі», өнер­танушы Е.Қайназар, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері М.Ниязов қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде – Елбол Қуанбекке (Алматы об­­лысы) бұйырды. І орын Шынболат Айда­наға (Шымкент), екі ІІ орын Бек­пейісов Мұхамедәліге (Қызылорда) және Әлбосын Таңнұрға (Көкшетау) бұйыр­ды. Үшінші орынды Қайыржанова Гүл­бағым (Алматы) мен Қисатова Сал­танат (Павлодар) еншіледі.

Жүлдегерлер мен қатысушылар Мә­дениет және спорт министрлігінің дип­ломымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.