Аймақтар • 14 Қараша, 2019

Солтүстік Қазақстандық оқушының кітап жазбақ ойы бар

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ЛОРД» мектеп-лицейінің жетінші сынып оқушысы Мирас Бариев «Артек» лагерінде өткен «Біздің батырлар» атты халықаралық байқаудан жеңімпаз болып оралды.

Солтүстік Қазақстандық оқушының кітап жазбақ ойы бар

Мұнда ТМД елдерінен жиналған  7-10 сынып аралығындағы 12 мыңға жуық бала өз жобаларын қорғап, бақ сынасқан. Мирас ұлы отан соғысының ардагері, жерлесіміз Пётр Гладковтың өмірі мен ерлігін өз шығармасына арқау етіп, жатық тілмен жазып шыққан. 

«Толарсақтан саз кешіп, от пен оқтың арасында жүріп, жас ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған аға ұрпақты қастерлеу –біздің қасиетті парызымыз», дейді бас жүлде иегері.

Дарынды балаларға мамандандырылған «ЛОРД» мектеп-лицейінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сәуле Мырзабаеваның айтуынша, байқаудың бірінші кезеңіне 12 мың үміткерден тек 34-і ғана іріктелініп алынған. Олардың ішінен  қазылар алқасы үш қатысушыны бас жүлдеге лайық деп тапқан.

Мирас жобаны одан әрі  дамытып, жетілдіріп, жерлесіміз туралы кітап жазбақ ойын жасырмайды.