Футбол • 14 Қараша, 2019

Футбол: Адеринсола Эсеола «Қайратта» қалды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылғы Қазақстан Премьер-лигасының сұрмергені Адеринсола Эсеола Алматының «Қайрат» клубымен келсімшартын тағы екі маусымға ұзартты.

Футбол: Адеринсола Эсеола «Қайратта» қалды

28 жастағы футболшы Украинаның Житомир қаласында дүниеге келген. Оның анасы сол елдің тумасы, ал әкесі – нигериялық. Әр жылдары Адеринсола Эсеола Украинаның танымал командалары және Италияның үшінші-төртінші деңгейлі клубтарында өнер көрсетті.

2018 жылы Оралдың «Ақжайық» клубына ауысып, 13 матчта қарсыластар қақпасын сегіз мәрте дәл көздеді. Сол маусымда «Қайраттың» жейдесін киді. Сол аралықта 54 рет жасыл алаңға шығып, 33 допты торда тулатты.

Алматылық командамен бірге Эсеола Қазақстан кубогының иегері және ел біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері атанды. Биыл Премьер-лиганың ең мерген ойыншысы деген мәртебелі атаққа ие болды. Сонымен қатар ол 2007 жылы Украинаның жасөспірімдер құрамасы (U-17) сапында төрт ойын өткізді.