Аймақтар • 14 Қараша, 2019

Алматыда «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша семинар өтеді

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-22 қараша күндері Алматыда орналасқан «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу және оқыту жүйесінің негізі» атты тақырыпта республикалық семинар өтеді.

Алматыда «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша семинар өтеді

Семинардың мақсаты – балалар мен жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру саласындағы педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсету. Осы шара барысында пленарлық кеңес және секциялық жұмыстарды өткізу мәселелері де қарастырылған.

Айтулы семинарға өңірлік білім басқармаларының әдіскерлері, балабақшалар, мектептер мен колледжердің, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі және пилоттық білім ұйымдарының педагогтары мен басшылары қатысады.