Қоғам • 15 Қараша, 2019

Достық үйіндегі бизнес-форум

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының «Ор­талық Азия мен Еуро­па­лық Одақтың ынты­мақтастығы: Қазақстан мен Литва мүмкіндіктері» атты халық­аралық бизнес-форумы өтті.

Достық үйіндегі бизнес-форум

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкім­­шілігі ҚХА Хатшылығының мең­ге­рушісі Жансейіт Түймебаев, Литваның Қа­зақстандағы Республикасының Төтенше жә­не өкілетті елшісі Гинтаутас Васюлис, Па­невежис қаласының мэрі Ритис Рачкаускас, Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев, Литвадан келген құрметті қонақтар, елордалық кәсіпкерлер мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

«Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы алғаш рет Қазақстан мен Литваның іскер топтары арасында екіжақты форум өткізіп отыр. Қазіргі таңда біздің елдеріміз жылдан-жылға дамып келе жатқан ортақ тарихпен және екі­жақты ынтымақтастықпен нығайтылған ты­ғыз достық байланыстарға ие. Қазақстан мен Литва арасында сауда-экономикалық ын­тымақтастықтың жақсы базасы бар. Лит­ва Қазақстанның ЕО елдеріндегі ірі сауда серіктестерінің ондығына және әлемдегі жиырма ірі серіктестің ішіне кіреді», деп атап өтті Ж.Түймебаев.

Бағдарлама бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлт­тық бірліктің қазақстандық моделі мен Қазақ­стан халқы Ассамблеясының жұмысы таныс­тырылды. Сонымен бірге қаладағы биз­нес-құ­рылымдар қауымдастықтары туралы ақ­параттар мәлімделіп, әріптестік мақсатында өзара тәжірибе алмасылды.