Руханият • 15 Қараша, 2019

Ресейде қазақ сұлтаны Ораз-Мұхаммедке ескерткіш тақта орнатылды

1602 реткөрсетілді

Ресей Федерациясының Рязан облысы Қасымов қаласында Жошы ұлысынан шыққан Ораз-Мұхаммед сұлтанға мемориалды тақта орнатылды. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шара Ресейдің мәдени мұралар нысанына енген Ауған-Мұхаммед сұлтанның кесенесіне жақын жердегі Ескі татар зиратында өтті.

«Қадірменді халайық, осынау қасиетті Қасымов жерінде қасиетті бабамыз Ораз-Мұхаммед Онданұлына қойылған тақтаны ашып тұрмыз. Аруағы қабыл етсін. Сөз жоқ бір тұлғаға ғана емес тұтас бір дәуірге, сонау аласапыран дәуірдегі қазақ сұлтандығының Ресейдегі тарихи ізіне ғана емес, екі халықтың арасындағы достық пен ынтымақтың бірлік пен тірліктің өзіне қойылған ескерткіш деп білемін. Сол себепті бүгінгі Ораз-Мұхаммедтің есімі бүгінгі ұрпақ санасында орыс қазақ достығының символы әрі екі ел арасындағы дипломатиялық алыс-берістің қарлығашы ретінде мәңгі сақталады», деген елші Иманғали Тасмағамбетов бастамаға қолдау көрсеткен Рязан облысы әкімшілігі мен дипломатиялық өкілдігіне алғыс білдірді.

Мемориалдық тақтаны жасау үшін табиғи қоңыр түсті гранит пайдаланылған. Ескерткіштің биіктігі үш метр. Төбесіне доғал күмбез орнатылған. Естелік тақтаға «Ораз-Мұхаммед Онданұлы, 1573-1610. Қазақ сұлтаны, Қасым хандығын билеуші» деп жазылған.

9

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қазан айында Қазақстан жұртшылығы Ораз-Мұхаммед сұлтанның туғанына 447 жыл толуын атап өткен болатын. Ораз-Мұхаммед сұлтан Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның тікелей ұрпағы, Тәуекел ханның інісі Ондан сұлтанның ұлы. Ол өз заманында орыс патшасына бағынышты аймақта хандықты билеп, қазақ сұлтандарының арасында шет елде үлкен абыройға ие болған әйгілі тарихи тұлғаның бірі.

Ораз-Мұхаммедтің ерлігі мен өмірі туралы көптеген деректерді жат жерде сұлтанның сенімді серігіне айналған шежіресі Қадырғали Жалаири жазып қалдырған. Жазушы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» атты тарихи романында қазақ сұлтанының қайраткерлігі, парасаттылығы мен қаһармандық келбеті шебер суреттеледі.

Соңғы жаңалықтар

Басылым басшылары - Бернияз КҮЛЕЕВ (1899-1923)

Басылым басшылары • Бүгін, 14:55

Басылым басшылары - Тәмимдар САФИЕВ (1892-?)

Басылым басшылары • Бүгін, 11:28

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар