Спорт • 15 Қараша, 2019

ММА: Жастардың Бахрейнде бағы жанды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бахрейннің астанасы – Манамада аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста 50 мемлекеттен келген 500-ден аса спортшы күш сынасты.

ММА: Жастардың Бахрейнде бағы жанды

Жастар арасындағы жарыста жерлестеріміз керемет көрсетіп, мол олжаға кенелді. Атап айтсақ, Талшын Жуматаева (70 кило), Фариз Абдалов (52 кило) және Ғани Әділсерік (56 кило) бас жүлдені олжаласа, Айжан Әбдіқадыр (70,3 кило) мен Ерұлан Қабдолов (52 кило) күміспен күптелді. Ал Әйгерім Төреханова (52,2 кило), Инас Әшірбек (56,7 кило), Тыныштық Жәнібек (61 кило) және Досжан Кенжебаев (70 кило) қолаға қол созды.

Осы нәтиженің арқасында Қазақстанның жастар құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды. Бірінші орынды Ресей олжаласа, Англия үшінші сатыға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50