15 Қараша, 2019

Жамбыл Жабаев – Өскемен төрінде

82 реткөрсетілді

Шығыс Қазақстанда ақын есімі 5 мектеп, 3 ауыл мен 33 көшеге берілген.

 

Кеше Өскеменде «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» деп жырлап өткен ақын, жырау Жамбыл Жабаевқа еңселі ескерткіш орнатылды. Қоладан құйылған, биіктігі тұғырымен қоса алғанда 5 метрге жуықтайтын ескерткіш шаһардағы ақын есімін иеленген саябаққа орнатылды.

ахметов

Тағылымды шараға қала жұртшылығымен бірге облыс әкімі Даниал Ахметов те қатысып: «Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың шығармашылығы жастарды туған елі мен жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелейді. Саналы ғұмырын ер бірлігі мен ұлт тұтастығын сақтауға арнаған тұлғаларға тағзым жасау – баршамыздың қасиетті парызымыз» деп ізгі лебізін жеткізіп, Шығыс Қазақстанда жырау есімі 5 мектеп, 3 ауыл мен 33 көшеге берілгенін атап өтті.

жамбыл

Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы облысының Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында тұратын немересі Салтанат Тезекбайқызы Жамбылова да арнайы келіпті.

жам

«Жер жәнаты Жетісудан жалынды сәлемімізді жолдай келдік. Мен Жамбыл атамыздың ең кіші баласы Тезекбайдың қызымын. Жамбыл бабамыз Жамбыл облысында дүниеге келгенімен өмірінің соңғы күндеріне дейін Алматы облысындағы Жамбыл ауылында тұрған. Бір қызықты дерек, Абай атамыз мен Жамбыл бабамыздың арасы бір-ақ жас екен. Осыдан 174 жыл бұрын Шыңғыстаудың баурайында Абай атамыз дүниеге келсе, бір жылдан кейін Жамбыл тауының етегінде Жамбыл бабамыз өмір есігін ашқан. Осыдан бір жарым ай бұрын Семей қаласында болып, Жамбыл атамыздың біраз дүниелерін апарып, көрме ұйымдастырдық. Тағылымды шара өтті. Халық құрметтеген тұлғаға ескерткіш орнатып жатқан облыс басшылығына, Шығыс жұртшылығына шынайы алғысымды білдіремін. Жамбыл атамыздың жасын, бағын берсін деймін. Атамызға қойылған ескерткіштердің көбінде домбырасын қолына алып тұратын еді. Бұл жолы малдас құрғызып, қолына домбыра ұстатқан екен. Өзіме ұнады» дейді ақынның немересі.

Еңселі ескерткіштің авторлары – Сәрсен Сейітов, Еркін Мақұлбаев және Қазыбек Дулат. «Әдеттегі канондардан бас тартып, ақынның қозғалыстағы, жанды бейнесін көрсетуге тырыстық. Сондықтан ақынның 50-60 жастағы кезін бейнеледік» дейді мүсіншілер.

ӨСКЕМЕН

 

Суреттерді түсірген Тілеубек ШАЯХМЕТ

Соңғы жаңалықтар

Күлкі керуені № 20

Руханият • Кеше

Халің қалай, Қостанай?

Аймақтар • Кеше

«Йокериттен» жеңілді

Хоккей • Кеше

Онлайн-оқырман

Технология • Кеше

Су басу қаупі жоқ

Қоғам • Кеше

Баспаналы болып, бақытқа бөленді

Бағдарламалар • Кеше

Әбіштанудың әз әліпбиі

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар