Аймақтар • 17 Қараша, 2019

Тәртіп сақшылары туған өлкенің тарихымен танысты

558 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ішкі істер органдары қызметкерлерінің туған өлкеге деген құрметін, туған жердің тарихын жете білуді насихаттау мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері қазыналы түбек - Форт – Шевченко қаласына саяхат жасады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы хабарлады.

Тәртіп сақшылары туған өлкенің тарихымен танысты

Тәртіп сақшылары өлкенің тарихи және мәдени орындарында болып, тарихымен танысты. Олар өлкемен танысуды туған жердің тәуелсіздігі үшін күрескен Иса мен Досан батырдың ескерткіштеріне тағзым етуден бастады.

170 жылдан астам тарихы бар қала бұрын «Ақкетік» аталған. Бұл Новопетровск қаласының бекінісі 1846 жылы қаланған.

Қазақстандағы этнографиялық мұражайдың бірі - Форт- Шевченко қаласындағы Тарас Шевченко атындағы музейде болған  полицейлер 2 ғасырдан аса тарихы бар түбектегі кешенде құнды 14 500 жәдігер бар екендігінің куәсі болды. Мұражайда қазақ зергерлерінің қолынан шыққан күміс әшекейлер,түркімен қыздарының тұрмысқа шығар алдында тігетін 350 маңдай таңғышы, украин халқының жез самаурыны сақталған. Музейге келушілер оған достық мұражайы деген атақ берген, бұл халықтар достығының куәсі іспетті.

-Тарихи құжаттар мен ескі суреттер - Форт-Шевченко қаласының іргесі қаланған уақытын, қазақ елінің тұрмысы мен өндірістің бастамасын көрсететін деректер. 1932 жылы ашылған Тарас Шевченко атындағы мемориалдық кешені - Маңғыстау өңіріндегі алғашқы тарихи ғимараттардың бірі. Бір кездері комендант Ираклий Усковтың үйі болған екен. Жертөленің салынғанына 150 жылдан асыпты.

Тарас Шевченко түбекте 7 жыл тұрған. Жер аударылған ақынның қолымен отырғызған ағаштары үлкен саябаққа айналған. Ал кешендегі мұражай экспозициясы Тарас Шевченконың Маңғыстауда болған кездерінің куәсі. Оның тұтынған бұйымдарынан ақын ғана емес мүсінші болғанын білдік. Тиым салынғанына қарамастан «Байғұстар», «Қазак қызы Катя», «Келі түйген қазак қызы», «Казарма»,«Ат үстіндегі қазақ» сияқты салған суреттері ақынның суретшілік өнерінен сыр шертеді. Мұражайдағы көптеген фото суреттер мен кітаптар,архив документтері де келушілерді бейжай қалдырмайды. Олар Тарастың, украин, орыс, қазақ тілдеріндегі шығармаларымен, оның өз дәуірінде жарияланған басылымдармен де таныса алады. Мемориальдык комплекс мұражайы Т.Г. Шевченко атындағы барлык мұражайлармен тығыз байланыс жасайды екен. Қалаға тек қана Кеңестер Одағынан емес, басқа шетелдерден де көптеген адамдар келіп мұражайды көреді.Қазақ елімен украин халқының арасында тығыз достық қарым-қатынас орнады, дейді мұражай қызметкері.

         Тәртіп сақшыларының туған өлкеге шыққан саяхаттан алған әсері, тағылымы зор болды. Туған ел тарихымен жете танысу бағытындағы шаралар әлі де жалғасын табатын болады, дейді ұйымдастырушылар.