Кездесуде Михал Белек жаттықтыратын құрама жігіттері бірінші таймда-ақ матч тағдырын шешіп тастады. Ойынның 6-минутында баспен соққы жасаған Бахтиер Зайнутдинов есепті ашса, 22-минутта Гафуржан Сүйімбаев таблода өзгеріс енгізді – 2:0. Ал араға төрт минут салып Алексей Щеткиннің қанжығасы майланды.
Екінші таймның 76-минутында алаң иелері сапынан Филиппо Берарди гол соғып, осы іріктеу сынында құраманың алғашқы голын соқты.
Қоржынында 10 ұпайы бар құрамамыз соңғы кездесуін 19 қарашада Шотландия командасымен сырт алаңда өткізеді.
Алмас МАНАП