Тағайындау • 18 Қараша, 2019

Премьер-Министрдің Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

22 реткөрсетілді

Қазақстанның Премьер-Министрінің өкімімен Олжас Мұхтарұлы Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.  

Олжас Смағұлов Алматы қаласында дүниеге келген. Америкалық құрлықаралық университетін, Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, Ақтөбе облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

2018 жылғы шілде айынан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда «Жыл адамы - 2019» анықталды

Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019

Ақтауда тұрғын үй пайдалануға берілді

Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар