Қоғам • 18 Қараша, 2019

АИТВ, туберкулез және гепатит жөніндегі әлемнің жетекші ғалымдары жиналды

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШЕОА) аймағында АИТВ, туберкулез және гепатит мәселелеріне арналған ШЕОА INTERACT-2019  бірінші ғылыми семинары басталды.

АИТВ, туберкулез және гепатит жөніндегі әлемнің жетекші ғалымдары жиналды

Аймақта алғаш рет өтіп отырған халықаралық оқыту іс-шарасын Амстердам жаһандық денсаулық сақтау және даму институты (AIGHD), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы, AFEW Kazakhstan және AFEW International коммерциялық емес ұйымдары өткізіп отыр. 

Алматы қаласындағы екі күндік семинарға Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия және басқа да елдерден белгілі зерттеушілер жиналды. Семинарға қатысушылар ғылыми базаны күшейту және аймақтағы жағдайды жақсарту мақсатында АИТВ, туберкулез (ТБ), гепатиттерді емдеу жөніндегі соңғы ғылыми зерттеулермен бөлісіп, тәжірибе алмасады.       

«ШЕОА INTERACT ғылыми пікірталаста, тәжірибе алмасуда туындаған мәселелерді талқылауда тиімді форум болады деп үміттенемін. Алдағы және ұзақ мерзімді келешекке қажетті акценттерді қолдануға, қатысушыларға осы мәселелерде жаңа әдістермен, зерттеулермен, тың тәсілдермен танысуға мүмкіндік береді. Жұмыстар лайықты бағаланып, кері байланыстар жолға қойылады. Ғылыми орта мен одан әрі ынтымақтастық пен инвестициялау географиясы кеңейтіледі. Бұл жұмыс ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет», – дейді ШЕОА INTERACT 2019 семинарының жергілікті комитетінің басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан  Байсеркин.

Халықаралық ұйымдастыру комитеті ШЕОА NTERACT-2019 семинарына дайындық барысында инновациялық тәсіл пайдаланылып, бағдарлама  әлемнің түрлі елдерінен АИТВ, ТБ және гепатит саласындағы белгілі сарапшыларды қамтыды.

Алдағы уақытта ШЕОА INTERACT жыл сайын өткізілетін іс-шараға айналып, барлық елдердің ғалымдарына өз жаңалықтарын көрсетуге мүмкіндік беру үшін ШЕОА аймағының түрлі мемлекеттерінде өтетін болады.

 

 

АЛМАТЫ