Аймақтар • 18 Қараша, 2019

Нұрлан Ноғаев: ҰОС ардагерлері біздің қамқорлығымызды күн сайын сезінуі тиіс

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аппараттық кеңесте осылай атап өтті.

Нұрлан Ноғаев: ҰОС ардагерлері біздің қамқорлығымызды күн сайын сезінуі тиіс

Аппараттық кеңес кезінде Нұрлан Ноғаев Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселесін көтерді. Өңір басшысы атап айтқандай, Жеңіс мейрамы тек мерекелік шаралармен шектелмеуі тиіс.

-  9 мамырға қазірден бастап күн сайын ыждағатпен дайындалу қажет. Мәселен, маған Телеграмм чат-каналына қала тұрғындарынан түрлі өтініштер түсіп жатады. Айталық, таяуда бір жергілікті тұрғын Жеңіс саябағында орнатылған ескерткіш тақталардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың аты-жөндеріндегі қателерді түзетуді ұсынды: Кеңес Одағының батыры Канцева деп көрсетілген, Канцев деп түзету қажет. Бірінші орынбасарым  Серік Шапкеновке  осы мәселемен айналысуды тапсырамын, - деп тапсырма берді Нұрлан Ноғаев. -Бұдан бөлек, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері күн сайын біздің қамқорлығымызды сезінуі тиіс. Облыста Ұлы Отан соғысының майдандарында шайқасқандардан небары 11 адам қалыпты. Өкінішке қарай, олардың қатары жыл сайын сиреп келеді. Біздің оларға деген алғысымыз тек 9 мамырмен шектелмеуі керек. Бейбіт өмірді қамтамасыз еткен батырларымызға деген  біздің алғысымыз сол  –  оларды ұдайы қамқорлап, қолдауымыз қажет.

Кеңестің қорытындысымен құзырлы органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

 

АТЫРАУ