Руханият • 18 Қараша, 2019

Атырауда Р. Отарбаев атындағы республикалық театр фестивалі басталды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі басталды. 18-22 қараша аралығында Атырау жұртшылығына көрсетілетін мәдени шараға еліміздің 9 шығармашылық ұжымы қатысады.  

Атырауда Р. Отарбаев атындағы республикалық театр фестивалі басталды

Олардың  өнерін сараптаушы қазылар алқасының төрағасы – КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев және Сердеш Қажымұратұлы, Талғат Теменов, Ұларбек Нұрғалымұлы, Айзат Қыдыралиева мен Қаракөз Рахымжанқызы қазылар құрамы болып бекітілген.

- Бұл өте ауқымды, мәдени іс-шара. Өйткені, әдебиет пен мәдениетке теңдей үлес қосқан Рахымжандай перзентін елі ұмытпауы керек.  Ол Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерді мойындатқан санаулы суреткердің бірі. Бүгін оның рухына ас берілді, енді міне жалғасы үлкен шараға ұласып жатыр. Ұмытпай, елеп-ескерген үлкен-кішіге алғысым шексіз, - дейді  Асанәлі Әшімов.

Бүгін сондай-ақ Рахымжан Отарбаевтың  «Бас», «И был я подобием твоим...», «Плач Чингисхана» туындылары мен  Рахымжан Отарбаевқа арналған «Аңыз адам» журналының қараша айындағы санының тұсауы кесілді.

Рахымжан Отарбаев – көрнекті жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері. 2018 жылы өмірден өтті.

 

АТЫРАУ