Аймақтар • 19 Қараша, 2019

Қарағандыда ресурстық орталық ашылды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында мұғалімдерді білім беру тұғырнамаларын қолдануға үйрететін цифрлық технологияларды дамыту ресурстық орталығы ашылды.

Қарағандыда ресурстық орталық ашылды

Қарағанды облысының Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жанынан құрылған бұл орталықтың әлеуметтік серіктесі Bilim Media Group компаниясы.

Мұғалімдердің сандық ресурстарға қолжетімділігін арттыратын ресурстық орталықта bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz білім беру тұғырнамаларын пайдалану бойынша семинарлар мен тренингтер өткізілетін болады. Сонымен қатар оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіріп, ашық сабақтар ұйымдастыруына да жағдай жасалған.

Жаңа орталықтың бірінші курсында оқу мәртебесіне өңірдің қалалары мен аудандарындағы білім беру саласын цифрландыруға жауапты мамандар ие болды.