100 • 19 Қараша, 2019

«Социалистік Қазақстан» газеті: Қалың бұқара – баспасөздің тірегі

751 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Қалың бұқара – баспасөздің тірегі» мақаласы 1938 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің №101 санына шыққан.

«Социалистік Қазақстан» газеті: Қалың бұқара – баспасөздің тірегі

Риддерде «Жұмысшы» газеті 1931жылы құрылды. Содан бері «Жұмысшы» партия ұйымының басшылығымен бір қатар газет ­кадрларын дайындап үлгірді.

Әбдірахманов, Әбубәкіров («Жұмысшының» әдебиет қызмет­ші­лері) Мәскеудегі жоғарғы дәрежелі мектептерде оқиды. Дүйсенбаев Әкеш Мәскеудегі редакторлар дайындайтын институтта оқып, қазіргі күнде облыстық газетте істейді. Исабеков, Бағадаев Қазақ журналистер институтында оқиды.

«Жұмысшының» негізгі бұтағы жұмысшы тілшілер күн санап өсуде. 1931жылы «Жұмысшы»ның 35-тей тілшісі болса, 1937жылы бұл сан он есе өсіп отыр. 1931-32 жылдары тілшілер көбінде айтам дегендерін қолымен жазып бере алмаушы еді. Редакцияға келіп ауызша айтып пікірін жазушы еді. Қазір ол жағдай көп өзгерді редакцияға күніне жиырмалап хат түсетін болды.

Тілшілер 1931-32жылдары көбіне өндірістегі ұсақ кемшіліктерді, ескі салт-сана қалдықтарын көбірек көретін еді. Соңғы жылдары Сталин­дік конситуциясына практикасын талқылау, соған ұсыныс кір­гізу жөнінде үш жүзден аса хат түсті. Одағымызға аты белгілі Ықыласов:

«Отанымыздың ел қорғау күшін арттыру үшін, басшылықтың турадан тура болғанын қамтамасыз ету үшін, отан қорғау өндірісі ауыр өндірісті кәсібінің наркоматынан бөлінсін» деп ұсыныс кіргізген.

Сталин жолдастың Советтердің төтенше VIII съезіндегі, февраль пленумындағы баяндамаларын үйрену істерінің барысын тілшілер үзбей жаза білді.

Партия мен үкіметтің тәрбиесінде өскен жұмысшы тілшілерміз, Ықыласов, Әбішов, Бейсенбаев, Мұқашев, Бексұлтанов, ..... дұрыс тарауының жігерлі істерін үзбей көрсетіп келеді. Бұлар Риддердегі бүгінгі таңда ашылып жатқан зиянкестерді, троцкишілерді ашу жөнінде үзбей күресіп келеді.

Зиянкестердің істерін әшкерлеген бұлардың хабарларына, жергілікті партия профсоюз және сатушылық орындардың көңіл бөлу фактілері болды.

Қорғасын зауытында, байыту фабрикасында авария молая берді. Тау цехындағы зиянкестер Биков, Зеленскийлер кен орындарына бос тас беріп жүрді. Забой жолын бөгеді. Троцкий Өметов, Кишкин, периссер шаруашылық орыны алдында беделді саналып жүріп, азғындық ісін үдете түсті. Міне бұл кезде Риддердегі жұмысшы тілшілері жергілікті жердегі орындардың ымырашылдық істерін, «Социалистік Қазақстан» арқылы әшкерледі.

Сол дабыл революциялық қырағылықты көтеріп, жайбірақат­ты­лықтан бір серпілітті. Бірақта жұмысшылардың сол дабылын облыстық, қалалық комитет сол дер кезінде қолға алған болса, Риддердегі сол зиянкестер 1937жылдың февралінде емес, 1936жылдың ішінде-ақ әшкерленген болар еді. Мыңдаған тонна қорғасынды отанымызға артық берген болар еді.

Міне, әңгіме осында.

ВК(в)П Орталық комитетінің февраль пленумы баспасөз орталықтарына ерекше міндет қойып отыр. Сталиндік конституция дәуіріне сай жұмыс істеу керек болып отыр. Баспасөздің сапалы болуы ең алдымен ықпалды, өтімді болуында. Көпшіліктің пікірін мезгілінде көтере білуінде. Партияның ұранын, қаулы-қарарын көпшілікке дер кезінде толық жеткізе білуінде. Қалың бұқарамен байланысты бола білуінде. Қалың бұқара баспасөзің тірегі.

Риддер қалалық комитетінің бюросы жеті жылдың ішінде бір-ақ рет редакцияның ісі жөнінде қаулы алды. «Жұмысшы» газетін қалалық комитет күнбе-күн қарап, қатесін түзетіп отырмайды. Бұл өмірі болмаған іс.

«Жұмысшының» орасан бір қателігі қалалық комитеттің шатасып, қазақ активтерінің жеке жиылысын шақырумен байланысты болды.

Риддер комбинаты деректорының орынбасары Мәдәлиев жолдастың саяси қате баяндамасын жариялады. Бірақ бұл қатені қалалық комитет редакциясының өзі айтып, қатесін мойнына алғанда барып ескерді.

Міне, қалалық комитеттің бүгінге дейін болып келген белсенді басшылары осындай болды. Тек соңғы кезде ғана дұрыс көңіл бөле бастады. Ендігі жұмыс тек өзімізде ғана қалып отыр. Орталық комитет қаулысына сай, жұмыс істеуде ғана болып отыр. Бұл міндетті сөзсіз орындаймыз.

Екінші партия міндеттеріне сай болуды көздеу. Партия орындарының бүгінгі сайлауы баспасөздің ірі істеріне жол ашады. Толып жатқан тәжірибелерді көрсетті.

Үшінші – сын, өзара сынды кең түрде көтере отырып, барлық кемдіктерді ашу, халықтардың дұшпаны, партиямыздың қарғы баулы иті, Троцкий зиянкестерді контрреволюцияшыл ұлтшылдарды, әшкерлеуге көпшілікті ұйымдастыра білу. Міндет осы.

Тайшыбаев