Әдебиет • 19 Қараша, 2019

Алматыда студент ақындардың айтысы өтеді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-21 қараша күндері сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеттің салтанат залында   Алаштың ақтаңгер ақыны Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға» атты жас ақындар айтысы өтеді. 

Алматыда студент ақындардың айтысы өтеді

Сөз барымтасына Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында білім алатын талантты жастар қатысады. 20 қараша – іріктеу кезеңі. 21 қараша – айтыстың ақтық сыны. Жастарды отансүйгіштікке, рухани тереңдікке баулитын жоба Оразалы ақынның туған күніне орайластырылып отыр.

Еске салсақ, биыл университет қабырғасынан  О.Досбосынов атындағы шығармашылық орталық ашылған болатын.