Спорт • 19 Қараша, 2019

Милад Карими спорттық гимнастикадан Германия бундеслигасында топ жарды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Германия бундеслигасында сынға түсті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Милад Карими спорттық гимнастикадан Германия бундеслигасында топ жарды

Қазақстандық спортшы Tv Schiltach клубының намысын қорғап, жүлдеге ілікті. 

- Мен Германия бундеслигасындағы Tv Schiltach клубы сапында өнер көрсетемін. Жақында біздің команда жеңіске жетті. Енді екінші лиганың финалдық кезеңі өтеді. Ақтық сында солтүстік және оңтүстік Германияның үздік клубтары кездеседі. Үздік шыққан команда бірінші лигаға жолдама алады, - деді Милад. 

Айта кетейік, Милад Карими көп сайыстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасына иелік етті. Ол Штутгарт қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында төртжылдық додасына қатысу мүмкіндігін жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар