Президент • 20 Қараша, 2019

Азаматтық мәселелері талқыланды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Азаматтық мәселелері талқыланды

Ақордада Қазақстан Респуб­лика­сының Мемлекеттік хатшысы Қы­рым­бек Көшербаевтың төрағалығ­ы­мен Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның  отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері қаралды.

Комиссия отырысының қорытын­дысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына ТМД елдері және алыс шет­елдерден келген 1 084 түрлі ұлт өкіл­дерінің еліміздің азаматтығын қабыл­дау туралы ұсынысы енгізілді.

Сонымен қатар көші-қон саясаты­ның басқа да мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.