Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» тақырыбында республикалық конференция өтті. Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Конференцияда жаңа әліпби мен емле ережелеріне қатысты ғылыми-теориялық және әдістемелік мәселелер, латын әліпбиін меңгертудің тиімді әдістемесі, жаңа емле ережелеріндегі өзекті мәселелер, әліпби ауыстырған түркі тілдері емлесінің қалыптасу, жетілу жолдары ашық талқыланды. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов жиында алғашқы болып сөз алып, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру кезінде атқарушы органдардағы сала қызметкерлері мен мамандар бірлескен жауапкершілікпен атсалысуы тиіс екендігін атап өтті. «Өткен жолғы орфографиялық топ отырысында жаңа әліпбиге қатысты көптеген мәселелер жан-жақты талқыланды. Ел азаматтары арасынан жекелеген әліпби нұсқалары ұсынылып, ғалымдар арасында талқылауға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл – «Қоғамды тыңдай білетін мемлекетке айналуымыздың» алғышартының нышаны деп білемін», деді ол. Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға әліпби ауыстыру мәселесін, таңбалауды қайта қарауды тапсырғанын, соған сәйкес Тіл саясаты комитеті ұсынылған жобаларға жіті көңіл бөліп, арнайы мамандар талқылауы мен сараптамасын ұйымдастырып отырғанын жеткізді.
– Біз бүгін жаңа әліпби емлесі мен оны оқыту әдістемесінде кездесетін қиындықтардың алдын алу үшін бас қосып отырмыз. Сонымен қатар авторлық әліпби нұсқалары талқыланып, ашық жүргізіледі. Талқылауда автор өз жобасын филолог ғалымдар мен ІТ мамандар алдында қорғайды. Әрбір жобаның артықшылықтарын ескеріп, жалпы халыққа ыңғайлы әліпби ұсынатын боламыз, – дейді Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов. Аталған конференцияда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Нұргелді Уәли жаңа әліпбидің орфографиялық ережелерінің ғылыми негіздері жөнінде сөз сөйледі. Ғалым таңбаның дыбыстық мәніне басымдық беру қажет екендігіне тоқталды.
– Әріп ашу грамматикалық, яғни жазу мәселесі. Ал буын ашу фонетикалық деңгей болса, таңбалау орфография мәселесі. Біз әліпби жазуда осы үштікті негізге алуымыз керек. Сонда нақты әрі базалық нормаға сай әліпби жасап шығамыз, – деді филология ғылымдарының докторы Нұргелді Уәли. Сондай-ақ геминант дауыссыз дыбыстардың да жазылу ерекшелігіне тоқталып, қосарлап жазудың өзге туысқан халық қолданысында бар дүние екенін атап өтті. «Бұлайша жазу қазіргі қазақ жазуында ғана емес, өзбек, ноғай, татар, қырғыз жазба тілінде кездеседі. Мәселен, махаббат, іззет, ләззат сөздері түрік, өзбек, қарақалпақ, қырғыз тілінде де қосармен жазылады», дейді ғалым.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Таңат Аяпова шет тілінен енген сөздерді жаңа әліпбиде жазу нормалары туралы айтып, ағылшын тілі жазуындағы қателіктерді қайталамауға шақырды.
– Әліпби жасағаннан кейінгі біздің басты мәселеміз оны түрлі аудиторияға «қалай үйретуіміз керек?» болатыны анық. Біз әліпбиді оқыту барысында ата-бабамыздан мирас болып қалған сөзді оның айтылуы, дыбысталуы мен грамматикасын бұзбастан жеткізуге міндеттіміз. Әліпби жасаймыз деп тіл табиғатына тиісе алмаймыз. Сондықтан әрбір әріпке дұрыс, сәйкес таңба беруге тиіспіз. Оны техника мүмкіншілігімен шектеуге болмайды, – деді.
Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Жанбота Есепбай орта білім жүйесіне латын әліпбиінің енуі жөнінде және т.б. ғалымдар жаңа әліпбидің, оның емле ережелерінің әр алуан мәселелері жөнінде баяндамалар жасады.
– Тұңғыш Президент Жарлығымен енгізілген қазіргі әліпби мұнан бұрын ұсынылған диграф, апостроф әліпбилерге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы. Себебі бұл әліпбиде қазақ жазуының негізгі принципі сақталған және акут тұстас бір графикалық белгі ретінде қабылданады. Ал апостороф олай қабылданбайтын. Дегенмен де, бізде ch, sh таңбаларына қатысты мәселелер туындап отыр. Себебі диграф арқылы берілген сөздерді әліпбиді енді оқып, үйреніп жүрген балаға меңгерту өте қиын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпби үлгісін қайта қарау жөнінде тапсырма беруі расын айтқанда, ғалымдар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Біз баршамыз бірігіп, ортақ шешіммен мәселенің түйінін тарқатамыз деп ойлаймын, – дейді Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжанова.
Секциялық мәжіліспен жалғасқан конференция отырысында әліпбидің әдістемелік мәселелері, латын әліпбиін енгізудің халықаралық тәжірибесі туралы ғылыми пікіралысуға ұласты. Конференция аясында латын әліпбиінің министрлікке ұсынылған нұсқалары қаралып, ұсынылған жобаларға Орфографиялық жұмыс тобының мүшелері, ғалымдар Жантас Жақыпов, Қарлығаш Сәрекенова, Зейнеп Базарбаева, Жанар Жұмабаевалар ғылыми сараптама жасады. Сонымен бірге бұл әліпби жобаларына Ақпараттық сүйемелдеу және техникалық жетілдіру жұмыс тобының мүшелері ІТ мамандары Рымбек Ізғали, Аршат Ораз, Нартай Әшімдер кәсіби тұрғыда пікір білдірді. Аталған ғылыми республикалық жиынның қорытындылары негізінде Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс топтарының конференцияда айтылған міндеттері нақтыланып, ұсыныстары сараланбақ. Ал әліпбидегі кейбір бас әріптердің ажыратылмауы сынды өзге де ескертпелер бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы алдағы уақытта Орфографиялық жұмыс тобының атынан қолданыстағы әліпбиге енгізілетін ішінара өзгерістер туралы қосымша хабарлайтын болады.
Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті
Қазақстан • Кеше
Нұр-Сұлтанда «Поэзия Падишасы» атты әдеби-сазды кеш өтті
Қазақстан • Кеше
Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқалармен марапатталды
Қазақстан • Кеше
Алматыда «Инемен жазылған кескіндеме» атты көрме ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында жасөспірімдерді зорлау оқиғасы көбейді
Аймақтар • Кеше
Елордада иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж салынады
Қазақстан • Кеше
Алматыға 62 жылдан кейін әйгілі «Дон Паскуале» операсы оралды
Аймақтар • Кеше
«Орбұлақ шайқасы» көрерменге жол тартады
Кино • Кеше
Шеңгелдінің алтын-күмістерімен айшықталған жібектері
Аймақтар • Кеше
Атырау тұрғындарының 80% МӘМС жүйесінде сақтандырылған
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында ана мен бала өлімінің 12 дерегі тіркелді
Аймақтар • Кеше
Ирактан қайтарылған балалар туыстарымен қосылды
Үкімет • Кеше
Алматыда үздік детектив шығарма иелері марапатталды
Аймақтар • Кеше
2025 жылға дейін Маңғыстауда 40 инвестициялық жоба жүзеге асады
Аймақтар • Кеше
«Қарақия – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Сыйақы қоры – бес миллиард теңге
Аймақтар • Кеше
Маңғыстаулық полицейлер Түпқараған ауданында болды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстаулық еріктілер әлеуметтік көмектер көрсетуде
Аймақтар • Кеше
Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті
Аймақтар • Кеше
Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Бұл шара – біздің Тәуелсіздік күніне тартуымыз
Қазақстан • Кеше
Елордада заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады
Қазақстан • Кеше
Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды
Үкімет • Кеше
Алматының Бас құжатының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр
Аймақтар • Кеше
Көксу ауданының дәрігерлері көне ғимараттарда қызмет көрсетуде
Аймақтар • Кеше
Қостанайда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тұрғыны аз ауылдың ауруханасы оңтайланбақ
Аймақтар • Кеше
Д. Назарбаева астық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті
Парламент • Кеше
Елордада ÁMEN анимациялық кинофестивалінің тұсаукесері өтті
Қазақстан • Кеше
Бүгін «Мастерс» турнирі басталады
Күрес • Кеше
Алматының үздік боксшылары анықталды
Бокс • Кеше
«Өрлеуде» конкурс жеңімпаздары марапатталды
Аймақтар • Кеше
ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды
Аймақтар • Кеше
Діни рәсімдердің өз тәртібі бар
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді
Әлем • Кеше
Б. Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды
Қазақстан • Кеше
Алматыда «Қазақтелефильм» студиясына ескерткіш тақта орнатылды
Аймақтар • Кеше
Халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтің үйіне ескерткіш тақта қойылды
Қазақстан • Кеше
Кәсіпқой бокс: Алматыда кімдер жұдырықтасады?
Кәсіпқой бокс • Кеше
Облыстық Ассамблея жылды қорытындылады
Аймақтар • Кеше
Білім беру сапасын қалай арттыруға болады?
Парламент • Кеше
А. Мамин Лондон қаласына жұмыс сапарымен барды
Үкімет • Кеше
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жылдың қорытынды турниріне қатысады
Спорт • Кеше
«Алтын сақа» үздіктері анықталды
Ұлттық спорт • Кеше
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
Қайырымдылық жобаларына 6 млрд теңге бөлген қор
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар