Аймақтар • 20 Қараша, 2019

«Жыр мұра» жастарға жол ашты

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында «Жыр мұра» жобасының қорытынды концерті өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолға алған жоба аясында биыл «Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры» атты экспедиция ұйымдастырылып, ел арасында сақталып қалған көне мақам-саз үлгілері, жырау-жыршылар дауыстары, дастан, толғаулар жинақталды.

«Жыр мұра» жастарға жол ашты

Осыған дейін Арал, Қар­мақ­шы, Шиелі аудандарында жыр үйірмелері құрылған еді. «Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ламасы шеңберіндегі бас­­тама нәтижесінде биыл Қа­­залы, Жалағаш, Сырдария мен Жаңақорғанда осындай үйір­мелер ашылды.

Ұлы Даладағы ұзандар кө­шінің басында тұрған Қор­қыт баба мекен еткен өңір тұр­ғындары үшін дәстүрлі өнердің бә­сі әрқашан биік. «Жыр мұра» ая­сында барлық ауданда қобыз мектептері ашылып, қазір жүз­деген бала атадан мұра болған өнерді үйренуге талап қылуда.

Жыр сандығын белгілі жырау Бидас Рүстембеков ашты. Сахнаға өрендерді бастап шық­қан жырау өсиет жырдан ке­йін «Халықтың қазынасына ай­нал­ған асыл мұра, киелі өнер енді өздеріңе аманат. Елді сырлы әуен, сұлу сөзбен сусындату­ды па­рызым деп біліңдер» деген лебізін жеткізді. Осы бата-тілек­тен соң қазалылық талапты жас­тар жыр толғады.

Осы күні Жиенбай, Сәрсен­бай, Нұртуған мектептерінің өкілдері сах­наға шықты. Сыр­дың бойын сыр­най сазына бө­леген әйгілі Нар­тай ақын ізбас­арларының да өнері ерекше бол­ды. Дәстүрлі өнерден өріс ізде­ген қобызшылар тобының да талабы қуантты.

Барлық ауданнан жиылған өнерпаз өрендер «Жыр мұра» жобасының талапты жастарға жол ашқандығын дәлелдеді.

 

ҚЫЗЫЛОРДА