Теннис • 20 Қараша, 2019

Теннис: Дэвис кубогын жеңіспен бастадық

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мадридте өтіп жатқан Дэвис кубогының финалдық сайысының топтық турнирінің тұсаукесер кездесуінде Қазақстан құрамасы Голландия теннисшілерінен 2:1 есебімен басым түсті. 

Теннис: Дэвис кубогын жеңіспен бастадық

Қос команда арасындағы матчтың шымылдығы Михаил Кукушкин мен Ботик ван де Зандшульп арасындағы бәсекемен ашылды. Әлемнің 67 ракеткасы АТР тізімінде 200 орынға тұрақтаған қарсыласының осал тұсын оңай тапты – 6:2, 6:2.

Келесі кездесуде үздіктер рейтингінде 57 орынға жайғасқан Александр Бублик өзінен 167 саты төмен тұрған Робин Хасеге есе жіберді – 5:7, 6:3, 6:7.

Есесіне шешуші сында жерлестеріміз керемет өнер көрсетті. Жұптық сайыста Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Жан-Жюльен Ройер мен Робина Хастан айласын асырды – 6:4, 7:6.

Енді Қазақстанның теннисшілері әйгілі Энди Маррей бастаған Ұлыбритания құрамасымен күш сынасады. Бұл кездесу ертең Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де басталады. 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше