Қоғам • 20 Қараша, 2019

Сабақ болмайтыны туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

4443 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауа райының нашарлауына байланысты елорда мектептерінде кейбір сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды. Сабақ болмайтындығы жайлы ақпарат бірінші кезекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздерінде жарияланады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сабақ болмайтыны туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

Сабақты тоқтату жөнінде шешім қабылданған жағдайда жауапты қызметкер осы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне, қала бойынша жедел әрекет ету орталығының операторына (109 қызмет көрсету жүйесіне) хабарлайды.

Ақпарат төмендегі дереккөздер арқылы таратылады:

1) Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінен келіп түскен смс-хабарлама;

2) iKOMEK109 қалалық орталығы (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе мобильді қосымша мен чаттарына тіркеліп, хабарлама алу);

3) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми интернет-ресурсы (http://bilim.astana.kz);

4) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми Facebook парақшасы (https://www.facebook.com/bilimastana/);

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы (http://astana.gov.kz/); 6) Smart Astana қосымшасы (мобильді қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу).

Бірінші ауысым үшін сағат 6.00-ден, ал екінші ауысым үшін сағат 12.00-ден бастап берілген ақпарат қала тұрғындары мен қонақтарын хабардар ету үшін, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында және Facebook парақшасында жарияланып, білім мекемелерінің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарына беріледі. Оқушылар сабаққа келген жағдайда, мектеп басшылығы әдеттегі сабақ кестесіне сай (бақылау жұмыстары мен пәндер бойынша жаңа тақырыптарды игеруді қоспағанда) толық оқу күнін қамтамасыз етеді, сабақ аяқталған соң, балаларды мектептен алып қайту ата-аналармен немесе заңды өкілдерімен қамтамасыз етіледі.

Ауа райының қолайсыздығы кезінде келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін білім беру ұйымдарында күндізгі және түнгі кезекшілік ұйымдастырылады. Ата-аналарға ауа райы туралы деректерді анықтау мақсатында интернет-қосымшалар мен басқа да расталмаған дереккөздерді пайдалану ұсынылмайтындығын айта кеткен жөн.


Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше