2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп комитетінің есебі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды)
Сейсенбі, 25 маусым 2013 2:40
КІРІСПЕ
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) дайындады.
Аталған Есеп Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының материалдары, қаржылық бұзушылықтар жөніндегі талдамалық зерттеулер, статистикалық деректер, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі негізінде жасалды.
Сейсенбі, 25 маусым 2013 2:40
КІРІСПЕ
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) дайындады.
Аталған Есеп Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының материалдары, қаржылық бұзушылықтар жөніндегі талдамалық зерттеулер, статистикалық деректер, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі негізінде жасалды.
Талдау мен тиімділікті бағалау негізінде республикалық бюджеттің атқарылуын жетілдіру және мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.
2012 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің атқарылуын бағалау
2012 жылы республикалық бюджет экономикалық өсім жалғасып, экспортталатын энергетикалық ресурстарға деген баға өсіп, жұмыссыздықтың жалпы деңгейі төмендеген тұста атқарылды.
Үкімет макроэкономикалық көрсеткіштерді 2012 жылғы наурызда және қарашада нақтылады.
Болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерді бірнеше мәрте нақтылау 2012 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін жоспарлау сапасына әсерін тигізді. Нәтижесінде, республикалық бюджетті бірінші (наурыз) нақтылау кезінде кірістер – 486,0 млрд. теңгеге, ал шығыстар – 507,2 млрд. теңгеге ұлғайған болатын. 2012 жылғы қарашада кірістер нақтыланған мәннен – 382,6 млрд. теңгеге, ал шығыстар – 183,7 млрд. теңгеге азайтылды.
Бюджеттің кірістері мен шығыстары параметрлерінің ауытқуы оның тапшылығының көлеміне әсер етті. Оның бастапқыда 758,5 млрд. теңгеге бекітілген мөлшері екі мәрте нақтыланғаннан кейін тапшылық 983,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Нақты сектор шығыстары 2011 жылмен салыстырғанда 18,6%-ға ұлғайды, бұл ретте олардың едәуір бөлігі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.
Алайда, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ҮИИДМБ) іске асыру кезінен бастап жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) құрылымындағы өндіруші өнеркәсіптің үлесі айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ.
ЖІӨ өсімі мұнай мен газды және өзге де шикізатты өндіру және экспорттау, сондай-ақ қызмет көрсету өндірісі қамтамасыз етіп отырған валюталық-шикізаттық рентаның ұлғаюына тәуелді болып отыр.
ЖІӨ көлемінде шикізаттық құраушы бөліктердің басым болуы шоғырландырылған бюджеттің түсімдерінде шикізаттық кірістердің елеулі үлесімен расталуда, ол 2012 жылы 52,8%-ды құрады.
Еліміздің сыртқы сауда айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға ұлғайды. Бұған көп жағдайда импорттың ілгері өсімі есебінен қол жеткізілді, 2011 жылмен салыстырғанда импорт 6,5 млрд. теңгеге (14,6%) өссе, ал экспорт тек 4,2 млрд. теңгеге (4,4%) ұлғайған.
Республикада ЖІӨ-ні қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің (бұдан әрі – ШОБ) үлесі 2012 жылы 17,8%-ды құрады.
Инфляцияның жылдық мәні 2012 жылы 6% деңгейінде қалыптасып, 2011 жылғы 7,4%-дық көрсеткіштен 1,4%-ға төмендеген.
Есепті кезеңде халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің өскені байқалды. Халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсу қарқыны 6,8%-ды құраса (2011 жылы – 7,4%), нақты орташа жалақы көлемі 6,9%-ды (2011 жылы – 7,2%) құрады.
Білім беру саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік қаражаттың үлесі 2012 жылы ЖІӨ-нің – 4%-ын, денсаулық сақтау саласында 737 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,4%-ын құрады.
Есепті жылы республикада жұмыспен қамтылғандар саны 2,5%-ға өсті, аталмыш өсім тау-кен өндірісі өнеркәсібі (8,9%), құрылыс (6,2%), білім және денсаулық сақтау (3,5%) сияқты салалар есебінен қамтамасыз етілді.
2012 жылғы 1 желтоқсанға банк активтері 13,7 трлн. теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда 7,0%-ға өскен.
Жалпы сыртқы борыш (бұдан әрі – ЖСБ) көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 11,8 млрд.АҚШ долларына немесе 9,4%-ға ұлғайып, 137 млрд.АҚШ долларын құрады.
2011 жылы ЖІӨ-ге шаққанда ЖСБ-ның үлесі – 66,6% болса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 68,3%-ды құрады.
Мемлекеттік борыштың көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 448,7 млрд. теңгеге немесе 13,3%-ға өсті.
Ұлттық қор активтерінің және жалпы халықаралық резервтің сомасы 2012 жылы 86 млрд.АҚШ долларын құрады.
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының баптарының атқарылуын бағалау
2012 жылы Үкімет «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 28 бабының екі бабын (23, 25) орындамаған, түрлі себептерге байланысты 7 бабын (1, 16, 17, 18, 19, 21, 24) толығымен орындамаған, 12 бапты (2, 3, 6, 7, 8, 10, 12, 13, 14, 15, 22, 26) толық көлемінде іске асырған, 7 бап (4, 5, 9, 11, 20, 25-1, 27) нормативтік сипатқа ие.
Үкімет республикалық бюджетті іске асыру мақсатында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысын (бұдан әрі – Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысы) қабылдады.
Заңға өзгерістер үш мәрте енгізілді, Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына 15 рет өзгеріс енгізілген. Бұл ретте, 2012 жылға арналған бюджеттің нақтыланған параметрлерінің 2012-2014 жылдарға арналған бастапқы бюджеттен елеулі айырмашылығы бар.
Бюджет тапшылығы 906,5 млрд. теңге болды, бұл – жоспарланғаннан 76,6 млрд. теңгеге кем, оның ЖІӨ-дегі үлесі 3,0%-ды құрады немесе Заңда белгіленген көрсеткіштен 3,1%-ға төмен болды.
Заңмен бекітілген жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет параметрлерін нақтылау кезінде Үкімет тек ағымдағы жылғы республикалық бюджеттің параметрлеріне өзгерістер енгізуде, ал жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған республикалық бюджеттің параметрлері өзгеріссіз күйінде қалуда.
Резервтерді қоса есептегенде, 2012 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының 16%-дан астамы Үкіметтің шешімі бойынша өңірлер мен әкімшілер арасында бөлініп отырған. Сөйтіп, «Республикалық бюджет туралы» Заң тікелей қолданылатын заңға айналмай отыр, бұл есепті қаржы жылы республикалық бюджет параметрлерін бірнеше мәрте қайта қарауға, бюджет қаражатын өңірлер бөлінісінде негізсіз бөлуге әкелуде. Бұның барлығы бюджет қаражатының игерілмеуіне, қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуына, өңірлерде мемлекеттік, салалық бағдарламалардың және инвестициялық жобалардың іске асырылуына бөлінген нысаналы трансферттердің негізсіз және тиімсіз пайдаланылуына әкеп соқтыруда.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Республикалық бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау және бағалау
2012 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 6 068,1 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 736,9 млрд. теңгеге ұлғайды.
Республикалық бюджеттегі кірістердің үлесі түсімдердің жалпы көлемінде – 78,5%-ды, өтелген бюджеттік кредиттердің үлесі – 2,1%-ды, қарыздар түсімдерінің үлесі 19,4%-ды құрады.
2012 жылға арналған республикалық бюджеттің кірісі 4 729,9 млрд. теңгеге жоспарланып, іс жүзінде 4 763,4 млрд. теңгеге немесе 100,7%-ға орындалды.
Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 2 975,6 млрд. теңгені немесе 62,4%-ды, салықтық емес түсімдер – 249,9 млрд. теңгені немесе 5,2%-ды, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 17,3 млрд. теңгені немесе 0,4%-ды, трансферт түсімдері – 1 520,7 млрд. теңгені немесе 31,9%-ды құрады.
Бұрынғы жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 25,6 млрд. теңгеге немесе 0,9%-ға төмендеген, бұл ретте салықтық емес түсімдер – 141 млрд. теңгеге немесе 2,3 есе, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 1,2 млрд. теңгеге немесе 7,5%-ға, трансферт түсімдері – 195,3 млрд. теңгеге немесе 14,7%-ға өскен.
Тауарлардың импортына акциздердің төрт түрі, арнайы және қорғау баждарының үш түрі бойынша түсімдер жоспары іске асырылмаған.
2011 жылмен салыстырғанда ірі салық төлеушілерден түскен түсімдер 336,7 млрд. теңгеге немесе 21,4%-ға төмендеген.
2009-2011 жылдар кезеңінде бюджетке корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) төлеген салық төлеушілердің саны 53,4 мыңнан 64,6 мыңға дейін өсті.
Сонымен бірге, салық базасының өсуіне қарамастан, КТС бойынша түсімдер жоспары 5 жыл бойы орындалмай келеді: 2012 жылы 40 млрд. теңгеге немесе 3,7%-ға, (КТС-тың төрт түрінің үшеуі бойынша жоспар орындалмаған); 2011 жылы – 99,0%-ға, 2010 жылы – 98,7%-ға, 2009 жылы – 97,6%-ға, 2008 жылы – 97,5%-ға орындалмаған.
2012 жылы бюджеттен 451,0 млрд. теңге мөлшерінде қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кеткен сомасы қайтарылған, бұл өткен жылғы қайтарылған сомадан 144,7 млрд. теңгеге көп. Мониторингіде тұрған 37 салық төлеушіге ҚҚС-тың асып кеткен сомасы оңайлатылған тәртіппен (салық тексерулері жүргізілместен) қайтарылды, 2009 жылдан бері қайтарылған сома 59,0-ден 196,9 млрд. теңгеге дейін өсті.
2013 жылғы 1 қаңтарға салық төлеушілердің жеке шоттарындағы есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған ҚҚС сомасының асып кетуі есебінен қалыптасқан артық төлемдер – 1 113,4 млрд. теңгені немесе 2012 жылғы республикалық бюджетке салық түсімдерінің 37,4%-ын құрады.
2010 жылдан бері ҚҚС бойынша салық есебінде тұрған салық төлеушілердің саны 2012 жылы 81,2 мыңнан 92,6 мыңға дейін өскен, алайда, есептелген салықты бюджетке ақша қаражатымен төлеген салық төлеушілердің саны 63,2 мыңнан 59,4 мыңға дейін азайған
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер 2012 жылы 227,0 млрд. теңгені немесе 106,1%-ды құрады.
2012 жылы республикалық бюджетке 1 146,9 млрд. теңге немесе жоспарға 101,4% кедендік төлемдер мен салықтар (бұдан әрі – КТмС) түскен, өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 5,1 млрд. теңгеге өсті. Республикалық бюджеттің салық түсімдеріндегі КТмС-тың үлесі 38,5%-ды құрады.
Республикалық бюджеттің салық түсімдеріндегі Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын тауарларға, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге байланысты салықтар мен төлемдер 2011 жылы – 61,2%-ды, 2012 жылы – 56,9%-ды; тауарлардың (қызметтердің) импортына байланысты түсімдер 2011 жылы – 33,6%-ды, 2012 жылы 37,6%-ды құрады. Сонымен, 2012 жылы бұрынғы жылмен салыстырғанда тауарлар импортынан түсетін салықтардың үлесі 4%-ға өсіп, ішкі өндіріске байланысты салықтардың үлесі 4,3%-ға төмендеген.
Республикалық бюджетке түскен салықтық емес түсімдер 249,9 млрд. теңгені немесе жоспардың 103,6%-ын құрады.
Салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін бағалау
Республикада салықтардың және республикалық бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толықтығы мен уақытылылығына әсер ететін бірқатар проблемалар сақталып отыр.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің (бұдан әрі – ТБЖ) қолданылуын ескере отырып, жоспарлы тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді іріктеу тәуекелі жоғары салаларға баса назар аударудың және қолда бар ресурстардың неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етудің мақсаттарына сай келмейді.
Тәуекелдің жоғары тобына жатқызылған 1,5 мың тексерілген салық төлеушінің ішінен, 481 тексеру немесе 31,7%-ы болмашы қосымша есептеулермен аяқталған, сонымен қатар, жекелеген салық төлеушілер бойынша есептелген салықтар азайтылған.
2012 жылы 175 заңды тұлға сот шешімімен жалған кәсіпорын деп танылған. Олар бойынша салық органдары жалған кәсіпорындар берген шотфактура бойынша жасалған мәмілелерді шығыстарға жатқызу есебінен өздерінің салық міндеттемелерін азайтып көрсеткен 2 887 контрагентті анықтады. Нәтижесінде, бюджетке қосымша түспеген салықтардың сомасы 63,0 млрд. теңге, соның ішінде КТС – 29,8 млрд. теңге, ҚҚС – 33,1 млрд. теңге болды. Оның ішінде олардың банкрот болуына (89), таратылуына (120), талап қою мерзімінің өтуіне (1,1 мыңы), бұрын жалған кәсіпорын деп танылуына (79) байланысты 1 421 контрагент бойынша 20,0 млрд. теңге бюджет шығындары қайтарымсыз болып отыр.
Мониторингіде тұрған ірі салық төлеушілерге ҚҚС-тың асып кеткен сомаларын қайтару оңайлатылған тәртіппен жүргізіледі. Бұл ретте кейін қайтарудың негізділігіне жүргізілетін тексерулер кезінде ТБЖ қолданылмайды, бұл өз кезегінде бюджеттік шығындарға әкеліп соқтырады.
Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруға қатысты қолданыстағы заңнама нормалары, сондай-ақ тиімсіз салықтық әкімшілік ету қайта ұйымдастыру жолымен салық міндеттемелерін орындаудан жалтару схемасын қолдануға жағдай жасап отыр. Мәселен, 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін әділет органдарының қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың құрылуын және қызметінің тоқтатылуын тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде салықтық міндеттемелерінің орындалуын тексеру көзделмеген.
Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру схемасын қолдану кезінде 6 жағдайда республикалық бюджеттің шығындары – 10,5 млрд. теңгені, оның ішінде сапасыз әкімшілік ету салдарынан шеккен шығындар 3,3 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 2013 жылғы 1 қаңтарға 2,8 мың заңды тұлға бірігу және қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған.
2012 жылы Салық кодексінің 16-бабына сәйкес КТС және ҚҚС бойынша салық жеңілдіктері 10,2 мың шаруашылық жүргізуші субъектіге берілген, республикалық бюджетке түспеген салықтардың жалпы сомасы 936,3 млрд. теңгені құрады.
Үкіметпен арадағы жасалған халықаралық келісімдер мен келісімшарттар бойынша жеңілдіктер 2011 жылмен салыстырғанда 42 млрд. теңгеге немесе 2 есе ұлғайып 94,2 млрд. теңгені немесе жалпы соманың 23,5%-ын құрады.
Қазіргі уақытта кеден баждары Еуропа Одағы (бұдан әрі – ЕО) елдеріне экспортталатын қара металл сынықтарына қатысты қолданылмайды. Бұл ретте кеден заңнамасы аталған тарифтік преференциялардың Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге берілуінің заңдылығына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Грекия мен Кипрға экспортталатын аталған тауарлардың теңіз маршруты ЕО-ға мүше болып табылмайтын Түркияның аумағы арқылы өтетінін ескере отырып, жалған экспорт схемасын пайдалану арқылы кедендік әкету баждарын төлеуден жалтару тәуекелінің бар екендігін атап өткен жөн. Мәселен, 2009-2012 жылдары Грекия мен Кипрға қара металл сынықтарының экспорты – 486,2 мың тоннаны, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша берілген жеңілдіктердің сомасы 1,9 млрд. теңгені құрады.
Есеп комитетінің бағалауынша, салықтық, кедендік жеңілдіктер мен преференциялар берудің тетігі отандық тауар өндірушілерді қолдауға нашар бағытталған.
Республикалық бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау
2012 жылы республикалық бюджеттің шығыстар бойынша нақтыланған болжамы бастапқы жоспарланған көлемнен 323,6 млрд. теңгеге немесе 5,6%-ға артып, 6 111,7 млрд. теңгені құрады.
Есепті қаржы жылындағы іс жүзіндегі шығыстар 2011 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға ұлғайып, 6 069,9 млрд. теңге көлемінде атқарылған.
2012 жылғы республикалық бюджеттің шығындар бойынша кассалық атқарылуы – 5 259,4 млрд. теңгені немесе нақтыланған бюджетке 99,2%-ды; толық көлемінде орындалған бюджеттік кредиттер бойынша 174,5 млрд. теңгені құрады.
Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығыстар 361,7 млрд. теңгені немесе жылдық көрсеткіштің 100,0%-ын құрады. Бұл ретте ЖІӨ-дегі шығыстардың үлесі 2011 жылғы 19,8%-дан 2012 жылы 20,2%-ға дейін ұлғайған.
Республикалық бюджет шығындарының атқарылуын бағалау
2012 жылы шығындар көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 14,2%-ға өсіп, 5 259,4 млрд. теңгені құрады, ал 2010 жылмен салыстырғанда 36,2%-ға ұлғайған.
Республикалық бюджеттің бірнеше мәрте нақтыланып түзетілгеніне қарамастан, есепті кезеңнің соңында 41,6 млрд. теңге игерілмеген.
Игерілмеген қаржының негізгі бөлігі мыналардың үлесінде: Қаржы министрлігі – 23,8 млрд. теңге (57,2%), Қоршаған ортаны қорғау министрлігі – 1,1 млрд. теңге (12,5%), Төтенше жағдайлар министрлігі – 5,1 млрд. теңге (6,3%), Ішкі істер министрлігі – 2,6 млрд. теңге (5,8%), Ауыл шаруашылығы министрлігі – 2,4 млрд. теңге (2,6%).
Бұл ретте, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері объектілерді салуға және реконструкциялауға – 8,6 млрд. теңге, техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге және сараптама жасауға – 55,5 млн.теңге, ақпараттық жүйелер мен электрондық үкіметті құруға және дамытуға – 149,9 млн.теңге көлемінде бөлінген даму бюджеті қаражатын игермеген.
Сонымен, республикалық бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде жол берілген қаржылық бұзушылықтармен қатар, кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жекелеген шығындарды негізсіз жоспарлау фактілері, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру кезінде олардың қызметінің тиімділігінің төмен екендігі анық байқалады.
Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын және өтелуін бағалау
Жалпы алғанда, соңғы үш жылда бюджеттік кредиттердің көлемі 1,3 есе ұлғайғанымен, шығыстардың мөлшерімен салыстырғанда олар шамалы ғана өскен.
2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік кредит берудің көлемі бастапқы бекітілген сомадан 5,4 млрд. теңгеге азайып, 174,5 млрд. теңгені құрады. Оның мөлшері 2011 жылмен салыстырғанда 9,4 млрд. теңгеге немесе 5,2%-ға азайған.
Есепті кезеңде бюджеттік кредиттер әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға бөлінді.
Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде бюджеттік кредит беруге 12,4 млрд. теңге бөлінгеніне қарамастан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті атқарушы органдар микрокредиттерді түпкілікті қарыз алушыларға дейін жеткізбеген. Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде микрокредиттерді берудің рәсімдері сақталмаған, заем қаражатының мақсатына сай пайдаланбауына жол берілген.
Осының салдарынан, жоспарланған тікелей нәтижеге жартылай қол жеткізілген, 3,0 мың қарыз алушының 1,4 мыңы ғана кредит алған.
Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін (бұдан әрі – АӨК) қолдау үшін жылдық 0,01% ставкамен 80,0 млрд. теңге бөлінген.
Сонымен бірге, 2012 жылы ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) кредит беруге бөлінген 24,9 млрд. теңге бюджет қаражаты «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның 2011 жылы айналым қаражатын толықтыру үшін ЕДБ-дан алған қарыздарды өтеуге жіберілген.
Бұл ретте қарыз алушы АШТӨ-лер тарапынан бюджеттік кредиттерді қайтарудың уақтылылығы мен толықтығы проблемалары кездеседі, кейіннен олардың өтеу мерзімдері 2013 жылға ұзартылған.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ қуаңшылықтан зардап шеккен АШТӨ-лердің 11,0 млрд. теңге сомасындағы міндеттемелерін өзінің меншікті қаражаты есебінен ұзартып, оларды өтеудің мерзімін 2013 жылға белгілеген. Бұл ретте АШТӨ-лер тек 3,2 млрд. теңге қайтарған.
Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген 17,1 млрд. теңге бюджеттік кредит қаражатының 9,0 млрд. теңгесіне немесе 53%-ына ғана азық-түлік тауарларын сатып алу жүзеге асырылған.
Үкімет республикалық бюджетті нақтылау кезінде Есеп комитетінің ұсынымы бойынша азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға көзделген қаражатты талап етілмеген ретінде 3,1 млрд. теңгеге қысқартты.
Жалпы алғанда, бюджеттік кредиттің атқарылуын бағалау оны пайдалануға байланысты бұзушылықтар сомасының өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Бюджеттік кредиттердің тиімді және уақытылы пайдаланылуын мониторингілеу мен бақылаудың төмен деңгейіне байланысты оларға әкімшілік етуге, сондай-ақ қабылданған міндеттемелердің толығымен орындамалмауына қатысты бірқатар жүйелі проблемалардың Үкімет тарапынан шешілмей отырғанын айта кету керек.
Нәтижесінде, кредит қаражаты тиімсіз пайдаланылуда, белгіленген мақсаттарға қол жеткізілмеуде, оларды өтеу мерзімдері жүйелі бұзылып отырады.
Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығыстарды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді бағалау
Қаржы активтерін сатып алуға арналған республикалық бюджет шығыстары 2011 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға өсіп, 361,7 млрд. теңгені құрады.
Үкіметтің есебіне сай, он бір акционерлік қоғамның және бір республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген 60,4 млрд. теңгені бюджеттік бағдарлама әкімшілері толық көлемінде игерген.
Алайда, аталған субъектілердің қазынашылық органдарындағы қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қалдығы 21,8 млрд. теңгені немесе жарғылық капиталдарды ұлғайтуға бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 36%-ын құрады.
Бюджет тапшылығын және оны қаржыландыру көздерін бағалау
2012 жылғы республикалық бюджет тапшылығы 758,5 млрд. теңге мөлшерінде бекітілген. Қараша айындағы нақтылау кезінде бюджет тапшылығы 224,6 млрд. теңгеге ұлғайып, 983,1 млрд. теңгені құрады. Сонымен, 2012 жылғы бюджет тапшылығы бұрынғы жылмен салыстырғанда 1,7 есе өскен.
Есепті жылдың соңында бюджет тапшылығы 906,5 млрд. теңге мөлшерінде қалыптасты, бұл – бастапқы бекітілген болжамнан 147,9 млрд. теңгеге көп және нақтыланған мөлшерден 76,6 млрд. теңгеге кем.
Соңғы жылдардағы республикалық бюджет тапшылығын талдау нақтылау мен түзетулерге қарамастан, оның іс жүзіндегі көлемінің жоспарланған мөлшерден айтарлықтай ауытқу үрдісінің сақталып отырғанын көрсетеді. Ішкі резервтерді, сондай-ақ республикалық бюджеттің кіріс базасын жеткілікті дәрежеде бағаламау түптеп келгенде айтарлықтай алшақтыққа әкеп соқтырады.
Жыл қорытындысы бойынша тартылған сыртқы қарыздардың жалпы сомасы 111,4 млрд. теңгені немесе олардың нақтыланған көлемінің 96,8%-ын және бекітілген мөлшерінің 66,5%-ын құрады.
Үкіметтік борыш 3 626,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың көрсеткішіне қарағанда – 33,3%-ға, 2010 жылмен салыстырғанда 56,7%-ға жоғары.
Бұл ретте Үкіметтің сыртқы борышы 729 млрд. теңгені құрады. Халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан негізгі қарыз берушілер мыналар болып табылады: Халықаралық қайта құру және даму банкі – 363,2 млрд. теңге, Азия даму банкі – 149,9 млрд. теңге, Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі – 127,9 млрд. теңге.
Үкімет мұнайға қатысты емес тапшылықты азайтуды қамтамасыз етпеген. 2012 жылдың қорытындысы бойынша ол 2011 жылмен салыстырғанда – 28,7%-ға, 2010 жылмен салыстырғанда 30,3%-ға өсіп, 2 286,4 млрд. теңгені құрады.
Мұнайға қатысты емес тапшылықтың 2011 жылмен салыстырғанда едәуір өсуі шикізаттық емес сектордан бюджетке төленетін салықтық және басқа да төлемдерді ұлғайтуға ішкі резервтердің нашар пайдаланатынын әрі республикада салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігінің артпай отырғанын көрсетеді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бағалау
2012 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері игермеген қаражаттың жалпы сомасы 41,8 млрд. теңгені құрады. Жергілікті атқарушы органдар 17,8 млрд. теңгеге нысаналы трансферттерді, 8,6 млрд. теңгеге бюджеттік кредиттерді игермеген. Квазимемлекеттік сектор субъектілері 21,8 млрд. теңгені немесе қаржы активтерін сатып алуға бөлінген шығыстардың 6%-ын пайдаланбаған.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Есеп комитеті 2012 жылғы республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде – 124,7 млрд. теңгеге, Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті 18,2 млрд. теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.
Есеп комитетінің бағалауынша, Үкімет 2012 жылғы республикалық бюджетті атқару кезінде 219,1 млрд. теңгені тиімсіз пайдаланған, бұл республикалық бюджет шығыстарының 3,9%-ын құрайды.
Бұл ретте тиімсіз пайдаланылған қаражат пен шығыстардың арақатынасы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінде – 79,3%, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінде – 37,8%, Ұлттық ғарыш агенттігінде – 30,7%, Экономикалық даму және сауда министрлігінде – 23,9%, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде аталған көрсеткіш 22,1% болды.
2012 жылы 44 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 13-і немесе 29,5%-ы бойынша тиімсіз пайдаланылған қаражат пен шығыстардың ара-қатынасы орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болған (3,9%).
Жалпы алғанда, қаржылық есептілікті талдау көрсетіп отырғандай, есепті жылы 13 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджет қаражатын тиімсіз басқарған.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау
Есеп комитеті 2012 жылы екі мемлекеттік және 13 салалық бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асырды.
Аталған бағдарламаларды іске асыру кезінде 295,2 млрд. теңгенің игерілмегені, жалпы сомасы 238,3 млрд. теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды.
Бағдарламалардың басым бөлігі олардың іске асырылу сапасын арттыруды талап етеді, себебі, бағдарламалық құжаттардың бір-бірін қайталайтыны, олардың орындалуына мониторинг пен бақылаудың тиісті дәрежеде жүргізілмейтіні, жекелеген іс-шаралардың, нысаналы индикаторлар мен түпкі нәтижелердің орындалмай отырғаны байқалады.
Осы орайда, Есеп комитеті Үкіметке барлық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға тексеру жүргізуді ұсынады. Олардағы нысаналы көрсеткіштерді, аралық жылдық индикаторларды, өлшемдерді және оларды іске асырудың тиімділігін бағалаудың алгоритмін айқындап, оларды бір-бірімен байланыстыру қажет.
Сондай-ақ, қажетті статистикалық ақпаратты жинау мен есепке алудың бірыңғай әдіснамасын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс берілді.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау
2012 жылы 9 мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларын бағалау жүзеге асырылды, оның қорытындысы бойынша мынадай жүйелі Стратегиялық проблемалар анықталды:
бірінші – республикалық бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкі нәтижелері көрсеткіштерін жоспарлаудың төмен сапасы;
екінші – стратегиялық жоспарлардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкессіздігі;
үшінші – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына республикалық бюджет параметрлерін нақтылауға байланысты өзгерістер мен толықтырулардың уақытылы енгізілмеуі.
Мемлекет активтерін пайдаланудың, соның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан пайдаланудың тиімділігін бағалау
Республикалық бюджет шығыстарының серпіні квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын толықтыруға бағытталатын бюджет қаражатының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Тек соңғы үш жылдың ішінде осы мақсатқа 984,8 млрд. теңге жұмсалған, соның ішінде 2010 жылы – 284,8 млрд. теңге, 2011 жылы – 338,3 млрд. теңге және 2012 жылы 361,7 млрд. теңге бағытталды.
2012 жылы республикалық бюджет қаражаты 11 акционерлік қоғамның және 1 республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінді.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялары тобы соңғы екі жылдың ішінде өзінің таза кірісін 40%-ға ұлғайтты, сол кірістердің 173 млрд. теңгесі «Қазақтелеком» АҚ-қа және 113 млрд. теңгесі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-қа тиесілі. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бойынша таза кіріс 2011 жылмен салыстырғанда 26 млрд. теңгеге төмендеген.
2011 жылдың қорытындысы бойынша 21 АҚ, ЖШС немесе 38%-ы өз қызметтерін шығынмен аяқтаған. 2012 жылы олардың шеккен залалдарының жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгені құрады.
Республикада мемлекет активтерін басқарудың тиімді жүйесі құрылмаған, дивидендтік саясат саласында айқын ережелер жоқ. Сондықтан, дивидендтердің, кірістің бір бөлігінің, қатысу үлесіне кірістердің түсу көлемі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза кірістерімен салыстырғанда төмен деңгейде қалып отыр.
Келтірілген деректер бюджет қаражатының ұтымсыз пайдаланылғанын, мемлекет активтерінің тиімсіз басқарылғанын, сондай-ақ жарғылық капиталды ұлғайтуға көзделген мемлекет қаражаты есебінен дивидендтер аудару жөніндегі талаптардың үстірт орындалғанын көрсетеді, ал бұл өз кезегінде акционерлік қоғамдардың бір бөлігінің үнемі залал шегуіне әкеп соқтырады.
ӨҢІРЛЕРДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Нысаналы трансферттерді пайдаланудың тиімділігін бағалау
2012 жылы өңірлердің бюджеттеріне республикалық бюджеттен 1 770,1 млрд. теңге мөлшерінде трансферттер бөлінген, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 10,8%-ға көп.
Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат құрылымында 2011 және 2010 жылдармен салыстырғанда есепті жылы нысаналы ағымдағы трансферттердің 61,6%-ға және 22,7%-ға өскенімен, 2011 жылмен салыстырғанда нысаналы даму трансферттерінің 7,1%-ға төмендегені байқалады.
Есепті жылы субвенция көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 11,5%-ға көбейіп 880,6 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен – 66,7 млрд. теңге бюджеттік кредиттер, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша – 12,3 млрд. теңге және даму бағдарламалары бойынша 54,4 млрд. теңге бөлінген.
Жергілікті бюджеттерге бағытталған трансферттер мен бюджеттік кредиттердің жалпы көлемі республикалық бюджет шығыстарының 30%-ын құраса, ал жергілікті бюджеттерден бюджеттік алып қою көлемі республикалық бюджет кірістерінің 2,2%-ын ғана құрады.
Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің орташа үлес салмағы жергілікті бюджеттер кірісінің жалпы көлемінде 60,1% болды.
2012 жылы 53 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 326,3 млрд. теңге нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінсе, ал 2011 жылы 40 бюджетттік бағдарлама бойынша 201,9 млрд. теңге бөлінген.
2012 жылы 30 республикалық бюджеттік бағдарлама аясында 563,2 млрд. теңге нысаналы даму трансферттері бөлінген, оның негізгі үлесі Астана (27,1%) және Алматы (15,3%) қалаларына бағытталды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен бөлінген 889,5 млрд. теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферттердің 889,3 млрд. теңгесін немесе 99,9%-ын игерген.
Объектілерді салуға бөлінген нысаналы даму трансферттері есебінен ТЭН-ді, жобалау-сметалық құжаттаны (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеуге, оларды түзетуге, орындалмаған жұмыстар көлеміне төлемдер жасалған.
Өңірлерде инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау
2012 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 969,4 млрд. теңге бөлінген, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға аз.
2012 жылы 271 инвестициялық жобаның (бағдарламаның) іске асырылуы қамтамасыз етілген, оның ішінде есепті жылы 144 жобаны аяқтау көзделген. Іс жүзінде 121 жоба іске асырылған.
23 жобаның орындалмауына өнім берушілердің көрсетілетін қызметтерді орындамауы, шарттық міндеттемелерді бұзуы, конкурстық рәсімдерді өткізудің ұзақтығына байланысты жобаларды іске асырудың мерзімін кешіктіру себеп болған.
2012 жылы жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттері есебінен 1753 инвестициялық жобаны іске асырған. Есепті кезеңде 1087 жоба аяқталады деп жоспарланғанымен, олардың 858 жобасы немесе 79%-ы ғана аяқталған.
Су шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу бойынша инвестициялық жобаларды іріктеуде жүйелі жұмыстардың болмауы жобалардың тізбесін жүйелі түрде қайта қарауға, бюджет қаражатының тиімсіз әрі ұтымсыз пайдалануына, сондай-ақ аралық және түпкілікті нәтижелердің орындалмауына әкелуде.
V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК
Осы бөлімде 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын бағалаудың қорытындысы бойынша Есеп комитетінің қорытындылары тұжырымдалған, мұнда республикалық бюджет қаражатын әлдеқайда тиімді пайдалануға кедергі келтіріп отырған негізгі проблемалар көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы проблемаларды жою және бүкіл бюджет процесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілген.
ТҰЖЫРЫМДАР
1. 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы экономиканың, сыртқы сауда айналымының және негізгі капиталға инвестициялардың өсуі жағдайында жүзеге асты. Сонымен бірге, экономиканың нақты секторын қолдауға бағытталған қаражат өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің және ауыл шаруашылығы өнімдерінің пара-пар өсімін қамтамасыз етпеді. Нәтижесінде, шикізат секторына, импортталатын тауарлардан, атқарылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер түсімдеріне деген республикалық бюджет кірістерінің тәуелділігі сақталып отыр.
2. Республикалық бюджетті жоспарлау мен атқару тетігі жүйелі байланыстырылмаған, осының салдарынан қаржы жылында бюджет бірнеше мәрте нақтыланып, көрсеткіштер түзетіліп отырады.
3. Есепті жылы республикалық бюджеттің көрсеткіштері екі мәрте нақтыланды. 2012 жылғы 20 қарашадағы «Республикалық бюджет туралы» Заңға енгізілген өзгерістер нәтижесінде 2012 жылғы республикалық бюджет кірістері 382,5 млрд. теңгеге азайтылып, 4 729,8 млрд. теңгені құраса, ал шығыстар 173,6 млрд. теңгеге қысқартылып, 5 301,0 млрд. теңгені құрады. Бұл есепті қаржы жылында республикалық бюджет кірістерінің – толық көлемінде, ал шығыстардың 99,3%-ға орындалуын қамтамасыз етті.
4. 2012 жылғы республикалық бюджет кірісі ЖІӨ көлемінің 15,8%-ын құрап, 2011 жылдың деңгейінен (16,3%) 0,5%-ға төмендеген. Кірістердегі салық түсімдерінің үлесі 62,5%-ды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға азайған.
5. 2012 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдер көлемі нақтыланған болжамды көрсеткіштерде көзделген салықтар мен төлемдердің 13 түрі бойынша атқарылмаған. 2011 жылмен салыстырғанда ірі салық төлеушілерден түсетін салықтар 336,7 млрд. теңгеге немесе 21,4%-ға төмендеген. Осы фактілер қосымша түсімдердің барлық резервтерінің толық пайдаланылмағанын, салықтық және кедендік төлемдердің төленуі бойынша әкімшіліктің жеткіліксіз деңгейде жүргізілгенін көрсетеді, ал олар өз кезегінде республикалық бюджет кірістерінің шығынына әкелуде.
6. Республикада ішкі өндірістегі тауарлардан, жұмыстардан және көрсетілетін қызметтерден түсетін салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің төмендегені байқалады. 2012 жылы 90-нан астам кедендік төлемдерді импорт баждары, бөлінген кедендік әкелу баждары, шикі мұнайды шығаруға салынатын баждар құрады.
7. Салықтық және кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер мен преференциялар қосылған құны бар тауарларды өндіретін шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдауға бағытталмаған. Үкімет салықтық және кедендік жеңілдіктердің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлемеген.
8. Есепті жылы шығыстардың жекелеген көрсеткіштерін нақтылау мен түзету аясында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы функционалдық және экономикалық сипаттамалар бойынша едәуір өзгерді. Республикалық бюджетті 2012 жылғы қарашада нақтылау кезінде шығыстар азайтылған болатын, бірақ осыған қарамастан 41,8 млрд. теңге игерілмей қалды.
9. 2012 жылға арналған жылдық көрсеткіштер он функционалдық топ және отыз бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша орындалмаған. Жергілікті атқарушы органдардың есепті жылы республикалық бюджетке қайтарған және пайдаланбаған бюджеттік кредиттер мен нысаналы трансферттер сомасы 50 млрд. теңгеден асып кеткен.
10. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда нысаналы трансферттердің облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түрлі бағыттар