26 Маусым, 2013

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұйрығы № 61

482 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұйрығы № 61

Сәрсенбі, 26 маусым 2013 1:06

2013 жылғы 18 маусым ,  Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 15 қаңтардағы №8 бұйрығының «Тексеру тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту мен тексеру және оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын тіркеу Ережесін бекіту туралы» күшін жою туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақтан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 30 мамырда №137 (28076) жарияланған «Тексеру тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлау­ларды, қатысушылардың құрамын өзгерту мен тексеру және оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын тіркеу Ережесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 15 қаңтардағы №8 бұйрығының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры   А.ДАУЫЛБАЕВ.