Жаңа форматта өткен айтулы турнирде жарыс қожайындарының қарқыны өте күшті болды. Ширек финалда Аргентинадан айласын асырған испандықтар жартылай финалда Ұлыбританиядан басым түсті. Екі бәсекеде де 2:1 есебі тіркелді.
Ақтық сында Испания құрамасы Канадамен күш сынасты. Бұл кездесуде Пиреней түбегінің түлектері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Тарқатып айтсақ, Роберто Батиста Агут Феликс Оже-Альяссимді (7:6, 6:3) ұтса, Рафаэль Надаль Дениса Шаповаловқа (6:3, 7:6) шаң қаптырды.
Осылайша, Испанияның теннисшілері өз тарихында алтыншы мәрте Дэвис кубогын олжалады. Соңғы рет олар 2011 жылы бас жүлдені иеленген болатын.