Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.
2009-2013 жылдар аралығында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры болып қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары – «Медеу» спорт кешенінің бас директоры. 2016-2019 жылдары Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры лауазымын атқарды.
Биылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарды.