24 Сәуір, 2013

Тікелей жүгінуге арналған

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тікелей жүгінуге арналған

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 7:13

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» арнайы айдары ашылды

Құқық қорғау органдары­ның қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізудің ай­қын­­ды­лы­ғын қамтамасыз ету мақса­тын­да Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің www.akorda.kz ресми сайтында «Құ­қық қорғау орган­дары­ның қыз­мет­керлерін кезектен тыс аттестаттау» атты арнайы бөлім ашылды.

Аталған бөлім кезектен тыс аттестаттауды өткізу тәртібін бұзу, сондай-ақ құқық қорғау ор­ган­­да­ры­ның аттестатталатын лауазымды тұлғаларының сыбайлас жем­қор­лық және өзге де құқық бұзу­шы­лықтар жасау, олардың қыз­мет­тік этика нормаларын сақ­тамау фак­тілері туралы Мемлекет басшысына тікелей жүгінуге арналған.

Әрбір өтініш тиісті тексеруден өткізілгеннен кейін аттестаттау барысында ескерілетін болады.

Бөлімде сондай-ақ, аттестаттауды өткізу ережелерін регла­мент­­тей­тін барлық норма­тив­тік-құ­қық­тық құжаттар, оның ішінде Жо­ғары аттестаттау ко­мис­сия­сы­ның құрамы және Жо­ғары аттестаттау комиссиясы аттестаттайтын құқық қор­ғау ор­гандары басқарушы қызмет­кер­лерінің жеке тізімі орна­лас­тырылған.

Қызметкерлері Мемлекет бас­шысының Жарлығына сәй­кес кезектен тыс аттестаттаудан өте­тін құқық қорғау орган­дары­ның – Бас прокуратураның, Экономи­ка­лық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агент­тігінің, Ішкі істер, Төтенше жағ­дайлар министр­лік­терінің, Ке­ден­дік бақылау комитетінің ресми сайттарында да осы маз­мұн­дас айдарлар ашылған.