Бастапқыда жерлестеріміз сәл белсеңді көрініп, бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қарсыластарынан төрт ұпай артық жиды. Алайда үзілістен кейін қарқынын күрт күшейткен эстондықтар ойын тізгінін мықтап қолға алды. Біздің жігіттер білгендерінен жаңылып, қателікке жиі бой алдырып қазақстындық жанкүйерлерді әбден мезі етті. Екінші кезеңде олар бізден төрт ұпай озса, үшінші кезеңде бақандай 18 ұпайға ұзады.
Жағдайды түзеу үшін «Астананың» ойыншылары соңғы кезеңде барын салды. Тіптен, ұпай айырмашылығын алтыға дейін де азайтқан сәттеріміз болды. Бірақ одан әріге әліміз жетпеді. Нәтижесінде бұл матч 84:76 (15:19, 25:17, 31:17, 13:23) есебімен «Калевтің» пайдасына шешілді.
Қазіргі кезде «Астана» жарыс кестесінде 10 орында келеді. ВТБ лигасындағы келесі кездесуін жерлестеріміз 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Ресейдің Төменгі Новгород қаласынан келген командаға қарсы өткізеді.