Саясат • 26 Қараша, 2019

Қазақстан Орталық Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыта береді - Қасым-Жомарт Тоқаев

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Халық Республикасымен көпқырлы стратегиялық серіктестікті дамыту Қазақстан үшін аса маңызды. Мемлекетіміз Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» атты ауқымды бастамасын қолдайды және осы жобаға белсенді түрде қатысуда деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде. 

Қазақстан Орталық Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыта береді - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Қазақстан Орталық Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыта береді. Мысалы, жақын арада Өзбекстанмен бірқатар маңызды жоба іске асырылды. Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер уақтылы шешілмек. Баршамыз бұл өңірдің тұрақты, экономикалық тұрғыда орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделіміз» деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент бірер күннен кейін Ташкентте Орталық Азия елдері консультативтік жұмыс кездесуінің отырысы өтетінін айтты.

«Ертең мен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен аттанамын. Келіссөздер барысында бірқатар маңызды мәселе талқыланады» деді ол.