Хоккей • 27 Қараша, 2019

«Барыс» хоккейшілері 20 жылдық мерейтойларын жеңіспен атап өтті

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Магнитогорскіде жергілікті «Металлургке» қарсы өткізген «Барыс» жеңісті қарсыласының уысынан жұлып әкетті.

«Барыс» хоккейшілері 20 жылдық мерейтойларын жеңіспен атап өтті

Алғашқы голды жетінші минутта Ресей спортының мақтанышы, ҚХЛ-дың талай рекордын жаңартқан сақа ойыншы, Олимпия ойындарының жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы және сол жарыстың төрт дүркін жүлдегері деген дардай атағы бар әйгілі Сергей Мозякин соққан еді.

Үзілістен кейін Павел Акользин таразы басын теңестірді. Одан кейін есеп өзгерген жоқ. Ал қосымша уақытта Линус Виделль нысананы дәл көздеп, қонақтарға жеңіс сыйлады. Есеп – 1:2.

Ресми дерекке сүйенсек, «Барыс» 1999 жылдың 26 қарашасында құрылған екен. Яғни, Нұр-Сұлтанның хоккейшілері өздерінің 20 жылдық мерейтойын Магнитогорск қаласындағы тамаша жеңісімен атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10