Қоғам • 27 Қараша, 2019

Алматы колледжінің бас бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің» бас бухгалтеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Алматы колледжінің бас бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді

Ол «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша бөлінген 14 млн 131 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын жеке карта шотына негізсіз аудару жолымен жымқырғаны үшін күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына, келтірілген шығынды толық өтеуіне, оның және қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.