Қоғам • 26 Қараша, 2019

Пробация – жаза басқандарға жәрдемдесу

528 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Пробация қызметінің мақсаты – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу; сотталған адамды әлеуметке қосу; қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Пробация – жаза басқандарға жәрдемдесу

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында қылмыстың алдын алу, ескерту және жолын кесудің бірден-бір жолы – сотталғандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету және тұрмыстық жағдайларын ұйымдастыру, әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету жұмыстарын жандандыру.

Осы бағытта Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) Индер аудандық пробация қызметі тобы да пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында М.Әуезов атындағы орта мектебімен өзара іс-қимыл жасау туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – М.Әуезов атындағы орта мектебінің пихологымен ерікті волонтерлық негізде пробация қызметі тобының есебінде тұрған сотталғандардың психологиялық мінез-құлқын зерттеу, тестілеу, сараптау, тренингтер өткізу және психологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізумен қатар қайталама қылмысты болдырмау, оның алдын алу, бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген азаматтарды қайта әлеуметтендіру, қоғамда өз орнын табуға үлес қосу.

Сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесіне ерікті волонтерлық негізде Индер ауданында орналасқан «Дария» сұлулық салоны пробациялық бақылау белгіленген тұлғаларға ақысыз негізде шаш қию қызметін көрсетті және пробация қызметіне ерікті тәлімгерлер институтының қанатқақты жобасын енгізу бойынша есепте тұрған бір сотталған өзінің жеке шаруашылық қожалығына жұмыссыз жүрген бір сотталғанды жұмысқа қабылдады.

Биыл жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 14 сотталғанға медициналық көмек, 1 күдіктіге психологиялық көмек, 3 сотталғанға бір жолғы қаржылай қаражат тапсырылды, сондай-ақ, 2 сотталғанға мамандық алуына жәрдемдесіп, 8 сотталған азамат жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзбай, түзелу жолына түскен 3 сотталған мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Ал жазасы кейінге қалдырылған 1 сотталған түзеу жолына түскендігін дәлелдегеніне байланысты  жазадан босатылды.

Бүгінде пробация қызметі түзеу мекемесінен босап келген және сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген тұлғаларға әлеуметтік құқықтық көмек көрсетіп, жұмыспен қамтып, олардың сабырлық пен ұстамдылық қасиеттерін дамытуға, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға, өздерін тәрбиелеуге, қабілеттерін одан әрі арттыруға  ықпал етеді.

 

Бибігүл ҚАНАТБАЕВА,

Атырау облысы бойынша ҚАЖД Индер аудандық

пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет аға лейтенанты