Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Атырауда ерекше құрылғы жасалды

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұзындығы 100 метрден асатын, салмағы 1400 тонна сплиттер-бағана. «АтырауМұнайМаш» зауыты осындай бірегей құрылғы жасап шығарды.

Атырауда ерекше құрылғы жасалды

Мұнай-газ саласына қажет ірі габаритті және аса ауыр жабдықтар дайындайтын бұл зауыттың елімізде ғана емес, таяу шетелдерде де баламасы жоқ. Ал жаңа құрылғы «Ұлттық индустриалды мұнайхимиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан интеграцияланған газ-химия кешені жобасында пайдаланылады. Жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіретін бұл кәсіпорын 2021 жылы іске қосылады.

Жаңа қондырғыны тиісті жеріне апаруға айрықша дайындық жұмыстары жүргізілді. «Ірі габаритті сплиттер-бағана зауыт аумағынан Қарабатандағы кешенге төрт күнде жеткізіледі. Тасымалдау күндізгі уақытта сағатына 3 шақырым жылдамдықпен іске асырылады»,- дейді жоба басшысы Азамат Ізтелеуов.

Айта кетейік, мұндай өте үлкен сплиттер-бағана елімізде алғаш рет жасалып отыр. Ол газ-химия кешенінде пропан мен пропиленді бөлуге қолданылады.

 

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар