Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Қостанайда 30 көп балалы отбасыға арендалық пәтер берілді

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берілетін арендалық пәтерлер Қостанайдың әр жерінде орналасқандықтан, қала әкімі Қайрат Ахметов кілтті әкімдікте тапсырды.

Қостанайда 30 көп балалы отбасыға арендалық пәтер берілді

– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік қамқорлық» деп аталатын әлеуметтік шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында Қостанай қаласында тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз бөлігін баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілді. Міне соның арқасында көп балалы 30 отбасына пәтер кілтін тапсырғалы отырмыз,- деді Қайрат Жұмашұлы.

Көп балалы отбасыларға берілген пәтерлдердің барлығы да тендер арқылы қаладағы екінші нарықтағы үйлерден сатып алынды. Бұл пәтерлер қазіргі құқықтық-нормативтік құжаттар бойынша ешкімнің жеке меншігіне өтпейді, бірақ алған отбасылар қанша қаласа сонша тұра алады.

«Біз оншақты жылдан бері пәтерден пәтерге көштік, соңғы жылдары жатақханада тұрдық. Енді өз баспанамыз болады, қуаныштымыз. Елбасына алғысым шексіз!» дейді төрт баланың анасы Лаура Жухина. Қостанайда тағы да жыл аяғына дейін 15 отбасы осындай арендалық баспана алатын болады. Демек Қостанайда 2019 жылы көп балалы 97 отбасы пәтерге ие болады. Қала әкімі Қайрат Ахметовтың айтуына қарағанда, үш жылдың ішінде көп балалы отбасылардың баспанаға тұрған кезегі жабылады, ал жыл басынан бері пәтер кезегінде тұрғандар саны 300 болған еді.           

 

Қостанай