22 Шілде, 2013

Астана – әлемдік үнқатысу алаңы

358 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Евразийский-МФ-2012Бұл – халықаралық медиа қоғамдастық өкілдері үшін өте маңызды оқиға Кеше Астана төрінде орналасқан «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінде 10-шы Еуразия Медиа-форумы өз жұмысын бастады. Бұл Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен, дәлірек айтқанда, 45-тен астам мемлекеттен 430-ға тарта қатысушы келді. Алқалы жиынның Қазақстанның елордасы – Астана қаласында алғаш рет өткізілуі және оны 200-ге жуық қазақстандық және шетелдік журналистердің жан-жаққа таратуы Форумның маңызы мен өзектілігін арттыра түскені анық.  MUHA92222 Форумның модераторы ретін­де алғаш сөз алған «Әл-Жазира Инглиш» телеарнасының белгілі жүргізушісі және продюсері РизХан «Қазақстанның астанасына, осындай ерекше әрі сәулетті қалаға атбасын бұруым мен үшін айрықша құрмет», деп атап өтті. Бұдан кейінгі кезекте сөз сөйлеген еліміздің Үкімет басшысы СерікАхметов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың 10-шы Еуразия Медиа-форумына қатысушыларға арна­ған Құттықтау сөзін оқып берді. Құттықтауда: «Құрметті жиынға қатысушылар! Мерейтойлық онын­шы Еуразия Медиа-форумының ашылуына орай менің құттық­тауым­ды қабыл алыңыздар! Он жыл ішінде Еуразия Медиа-форумы қазіргі заманның мейлінше көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасатын жаһандық ауқым­дағы бірегей үнқатысу алаңына айналды. Бұл – тек Қазақстан ғана емес, халықаралық медиа қо­ғамдастығының барлық өкіл­де­рі үшін де маңызды оқиға. Әлем­нің жетекші сарапшылары Форумда XXI ғасырдың заманауи сауалдарына ғаламдық тұрғыда зерделі жауап табады. Ақпарат­ты­ң ғаламдық деңгейде қолже­тім­ділігі мен жариялылығы дәуі­рінің басталуы БАҚ-қа талапты күшейтіп, олардың қоғам алдын­дағы моральдық жауапкершілігін арттырады. Оныншы Еуразия Медиа-форумы геосаясат пен медиа саласындағы түйіндерді шешу жолдарын іздестіруде журналистер, саясаткерлер және қоғам қайраткерлерінің күш-жігерін жұ­мылдыруға ықпал етеді деген сенімдемін. Сіздерге қызықты жүздесулер, пайымды пікірталас, шабыт және шығармашылық табыс тілеймін!», делінген. Президенттің құттықтау сөзін жеткізген Серік Ахметов бұдан кейінгі кезекте Қазақстан Үкіметі атынан Форумға қатысушыларды мерейтойлық оныншы Форум­ның өтуімен құттықтады. «Мен Қа­зақ­стан Үкіметі атынан ме­рей­тойлық Форуммен құттықтай­мын. Сіздер­дің нәтижелі пікірта­лас­тарыңыз бен кеңестеріңіз ха­лықаралық медиа кеңістіктің және Қазақстанның ақпараттық қо­ғамдастығының дамуына ық­пал етіп, өзінің ауқымды үлесін қосады деп ойлаймыз», деді Үкімет басшысы. Форум барысында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер ми­нис­трлігінің арнайы өкілі РаминМахманпарас сөз алып, өз сөзін қа­зір­гідей тарихи тұрғыда маңызды жә­не өте күрделі өңірлік кезеңдер жағ­дайында осындай ауқымды жиынды – Еуразия Медиа-форумын ұйымдастырушыларға ризашылық сезімін жеткізуден бастады. Дәл қазіргі кезеңде әлемде және Таяу Шығыста ерекше жағдай қалып­та­сып отыр. Өңірлік және халық­ара­лық деңгейдегі түрлі саяси, эконо­ми­калық және әлеуметтік дағда­рыс­тар сөзсіз үлкен өзгерістерге алып келеді. Батыс әлемі бір жа­ғы­нан әлеу­меттік-экономикалық сала­дағы үл­кен қиындықтармен бетпе-бет келсе, екінші жағынан ис­лам­дық ояну мен жаңару толқыны Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка мем­ле­кет­те­рі­нің басқарушы органдарына ай­тар­лықтай өзгерістер алып келді. Бү­гінде ірі державалар билік құры­лымының өзгергенін қала­май­ды, сондықтан осы үдерістің алдын алу үшін олар түрлі амал-тәсілдерге сүйеніп, мақсатты түрде дағда­рыс­тар ойлап тапты, деді ол. Исламофобия мен иранофобия толқынын құру және тарату, өңірлік мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтарды қоздыру, өңірлік ынтымақтастық пен интеграцияны қаламау, түрлі пиғылдағы терро­рис­тік және экстремистік топтардың іс-әрекетіне барлық жағдайды жасау ірі державалардың күн тәртібіне енгізілген. Ал олар өздерінің мақ­сат­тарына бұқаралық ақпарат құ­рал­дары а