Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Қардың үйілуі жөнінде iKOMEK109 орталығына 2112 өтініш келіп түскен

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының iKOMEK109 орталығына белгіленбеген жерде қардың жиналуы жөнінде 2112 өтініш, мұз сүңгілерінің құлау қаупі бойынша 93 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қардың үйілуі жөнінде iKOMEK109 орталығына 2112 өтініш келіп түскен

«Елордада күн суытып, қардың түсуі артқалы бері iKOMEK109 қалалық орталығына белгіленбеген жерде қардың жиналуы жөнінде 2112 өтініш, сонымен қатар қаланың түрлі аудандарында мұз сүңгілерінің құлау қаупі бойынша 93 өтініш келіп түсті.

Сондай-ақ iKOMEK109 қалалық орталығының операторлары орталыққа интеграцияланған бейнекамералардың көмегімен қар жиналған немесе мұз сүңгілерінің құлау қаупі бар жерлерді жедел табады. Олар қар жиналып қалған жерлерді тіркеп, жауған қар мен тазартылмаған қар және мұз сүңгілерінің салдарын шұғыл жою үшін қалалық қызметтерді жұмылдырады.

Қалалық бейнебақылау жүйесі тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ қарды тазалау немесе мұз сүңгілерінің құлау қаупін жою сияқты коммуналдық мәселелерді шешу үшін де пайдаланылады.

Астаналықтарды қырағы болуға және iKOMEK109 қалалық орталығына қар жиналуы туралы немесе сүңгілердің құлау қаупі туралы және тіршілікті қамтамасыз етуге қатысты басқа да мәселелер туралы хабарлауға және сандық сервистердің кең ауқымы: әкімдіктің ресми сайты www.astana.gov.kz; Whatsapp - бот: +7-747-109-0-109 (https://wa.me/+77471090109); Telegram - бот: https://t.me/nursultanikomek109_bot арқылы оның атқарылуын қадағалап отыруға болады», делінген хабарламада.