Аймақтар • 28 Қараша, 2019

Маңғыстауда шағын кәсіпкерлікті дамыту жайы айтылды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда өңірдегі кәсіпкерлер саны 54 мыңға жуықтады. Ал бюджет қазынасын молайтатын салымдардың 22,5 пайызы шағын және орта бизнес субьектілерінен түскен.

Маңғыстауда шағын кәсіпкерлікті дамыту жайы айтылды

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы іске қосылғалы бері облыста құны 87 млрд теңгені құрайтын 935 жоба жүзеге асқан. Ал биыл 4 млрд теңгеге 170 жоба субсидияланған. Осы жұмыстар нәтижесінде 5000-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылып, 13 636 жұмыс орны сақталды.

Биыл жеке кәсібін жүргізуге ынталы азаматтарға 2,2 млрд теңгеге шағын несие берілсе, жаңадан іске қосылған 279 жоба аясында 397 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы бойынша 2,2 млрд теңгеге 113 жоба қаржыландырылып, 932 жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға төмендеді. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар арқасында 30 мыңнан астам жұмыс орны пайда болды.

Өңір басшысы кәсіпкерлік өрісін кеңейтуде «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалдары қызметі маңызын ерекше атап өтті. Мәселен, палата қолдауымен Жаңаөзен қаласында «Кәсіп түбі –нәсіп» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба экономикасы мұнай шикізатына тәуелді қала дамуына оң ықпал етері анық. Жоба аясында қаланың жұмыссыз тұрғындары өз ісін бастау үшін арнайы кеңес алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласы бойынша «Бастау бизнес», «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 491 адам оқып, 37 млн теңгеге 77 жоба іске асқан.