Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Малайзияға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастарды сапалық жаңа деңгейге көтеруге алғышарт жасады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Малайзия жағының шақыруы бойынша осы елге сапары бесінші мәрте жүзеге асты. Сапар мақсаты саяси үнқатысуды жоғары деңгейде дамыту, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты белсенді арнаға түсіру болды. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Малайзия Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мешеу қалған аграрлы аймақтан жаңа индустриялық мемлекет деңгейіне көтерілді. Сөйтіп, үшінші мыңжылдыққа экономикалық өсу қарқыны мен тұрғындар табысының деңгейі жөнінен өңірдегі көшбасшы елдер қатарында қадам басты. Әрине, әлемдік қаржы дағдарысы Малайзия экономикасына да кері ықпалын тигізіп, 2009 жылы ел ІЖӨ-сі 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы шаралар пакетінің нәтижесінде өсу қарқынын қалпына келтіруге қол жеткізілді. Қазіргі кезде Малайзия дамудың жаңа кезеңінде тұр. Н.Разак үкіметінің бастамасы бойынша 2020 жылға қарай ұлттық ІЖӨ көлемін екі еселендіруге бағытталған мемлекеттік даму бағдарламасы қабылданды. Ол «трансформацияның жаңа саясаты» деп аталады. Бүгінде бұл ел өзін әлемге экономикалық жағынан дамыған мұсылман мемлекеті ретінде мойындатуға ұмтылып отыр. Малайзия – Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының (АСЕАН) негізін қалаушы мемлекеттердің бірі және осы ұйымның қауіпсіздік жөніндегі өңірлік форумының белсенді мүшесі. Сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) мен басқа да беделді өңірлік бірлестіктердің белсенді қатысушысы. 2007-2008 жылдары бұл ел ИЫҰ-ға төрағалық етті. Малайзия басшылығы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық табыстарын жоғары бағалап қана қоймай, Отанымызды Орталық Азиядағы сенімді серіктесі ретінде қарастырады. Мәселен, ресми Куала-Лумпур Қазақстан Президентінің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шақыру туралы бастамасын қолдап, бүгінде форумға байқаушы мәртебесін иеленген. Сапардың саяси қырына келсек, биыл екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 20 жыл толды. Қазақстан Президенті Малайзияның Жоғарғы билеушісі Сұлтан Абдул Халим Муадзам Шах Янг-Ди-Пертуан Агонг ХІV-пен ол жоғары мемлекеттік лауазым иеленген 11 сәуірден кейін кездескен шетелдік алғашқы мемлекет басшысы болды. Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия үкіметінің басшысы Наджиб Тун Разакпен кездескеннен кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында атап көрсеткендей, екі ел арасындағы тауар айналымы мемлекеттердің әлеуетіне еш сәйкеспейді. Сондықтан сапардың негізгі мақсаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты барынша тереңдету болып табылды. Келіссөздер барысында сондай-ақ 14 жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған Қазақстан-Малайзия Бірлескен сауда-экономикалық комитетінің (БСЭК) қызметін қайта жандандыру арқылы үкіметаралық және ведомствоаралық байланыстарға жаңаша серпін беруге ұмтылыс танытылды. Малайзия компаниялары энергетика, минералдық ресурстар өндіру, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қаржы салаларында бірлескен жобалар жасап, оларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Малай тарабының мұнай химиясы саласындағы үлкен тәжірибесін ескере келгенде, жоғары сапалы мұнай химиясы өнімін алу мақсатында және қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту үшін көмірсутегі шикізатын тереңдей өңдейтін толық технологиялық цикл құру тиімді. Сонымен қатар, Қазақстан үшін бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында Малайзиядан инвестиция тарту пайдалы. Осы қатарда Малайзияға Қазақстан қаржысы да артықтық етпейтіні түсінікті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер кезінде аталған бағыттарда бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен екі ел компаниялары арасындағы бизнес-форум барысында да аталған тақырып бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасылды. Осы негізде екіжақты таныстырылымдар болып өтті. Бизнес-форум нәтижелері көп кешікпей өзінің жемісін беретіні күмәнсіз. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық та айтарлықтай мүмкіндіктерге ие. 2005 жылы Қаз
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Кеше