«Елорда әкімі Алтай Көлгінов елордада ағылшын құқығына негізделген инвесторларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Астана» халықаралық қаржы орталығының табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар АХҚО-дағы экспат-орталығының жұмысы туралы айтты. Экспат орталықта шетелдік инвесторларға ағылшын тілінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
БАӘ-нің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д-р Мохаммад Ахмад Альджабер және Шаржы Атқарушы Кеңесінің мүшесі шейх Фахим бен Сұлтан Аль-Касими көптеген салаларда нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екендерін атап өтті. Осы жылдың ақпан айында Қазақстанның БАӘ-дегі (Шаржа қаласы) мәдениет күндері өтті. Шара шетелдік азаматтардың Қазақстанның мәдениетіне қызығушылығын арттырғандығы сөзсіз», делінген хабарламада.