Балуан Шолақ ұрпағының ұйытқысы Бүгінгі әңгіме Балуан Шолақтың кіші келіні Ғазиза Мәткенқызы жайлы. Ол Көкшенің көркем қойнауындағы Бурабайдың Кіндікқарағай ауылында туып-өсті. Әкесі Мәткен оқыған-тоқығаны мол, әрі молда, әрі кең жауырын балуан болғанын жазушы Естай Мырзахметовтің кітаптарынан білеміз. Анасы Ұмсынай 17 бала тәрбиелеп өсірген ғазиз жан еді. Ғазиза апамыздың біз көрген інілері Құрбан – колхозда есепші, Ғани – отыз жылдай мектеп директоры, Қадер – Жезқазғанның Қарсақпай зауытында директор қызметін атқарды. Сіңлілері Нәсипа айтулы ұстаз, Қазина Ұрымқайдағы кірпіш зауытының бригадирі ретінде ел есінде.
Балуан Шолақ ұрпағының ұйытқысы Бүгінгі әңгіме Балуан Шолақтың кіші келіні Ғазиза Мәткенқызы жайлы. Ол Көкшенің көркем қойнауындағы Бурабайдың Кіндікқарағай ауылында туып-өсті. Әкесі Мәткен оқыған-тоқығаны мол, әрі молда, әрі кең жауырын балуан болғанын жазушы Естай Мырзахметовтің кітаптарынан білеміз. Анасы Ұмсынай 17 бала тәрбиелеп өсірген ғазиз жан еді. Ғазиза апамыздың біз көрген інілері Құрбан – колхозда есепші, Ғани – отыз жылдай мектеп директоры, Қадер – Жезқазғанның Қарсақпай зауытында директор қызметін атқарды. Сіңлілері Нәсипа айтулы ұстаз, Қазина Ұрымқайдағы кірпіш зауытының бригадирі ретінде ел есінде. Бұл да дүние тұтқасынан тәлім тарқатар ойға жетелейді. Бұл күндері 91 жастағы Ғазиза апамызды 1986 жылы Бұланды ауданындағы «Отрадный» мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі аумағындағы Тастыөзек ауылында көргентұғынмын. «Ұлы дала» қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары, белгілі кәсіпкер Марат Нәбиевтің бастамасымен Балуан Шолақ қорымына ескерткіш тас қойылған. Сонда ғазиз ана тәубе сөзін айтып, тебірене сөйлеген. Одан кейін Жамбыл облысының әкімі бастап келіп, баба бейітіне 16 метрлік мемориалдық ескерткіш орнатылғанда Ғазиза апайымыздың зыр жүгіре қызмет еткенін көргенім бар еді. Міне, енді Ғазиза апамыздың ұлдан үлкені, Бұланды ауданының орталығы Макин қаласының әкімі Шайдолла Шолақовтың бастауымен Тастыөзекке келе жатырмыз. Жанымда «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Шыңғыс Тәшенов бар. Айналаның көркем көрінісі бізді еріксіз баурап, Балуан баба заманына жетелеп бара жатқандай сезіндік. Алайда бұралаң бір тұста көлігіміз селк ете қалды. Шайдолла жымиып отыр екен. – Ұқсастықты қараңызшы, – дейді Шәкең сонау бір өткен күндердің сілемінен сөйлеп тұрғандай кейіпте. – Салт атты әкем Құдайберген «Кызыл кардонның» дәл осы бұрмасына келе бергенде май батпаққа батқан мәшинені көреді. Бірсыпыра адам жол талғамайтын «Уаздың» әуресімен қызыл терге түсіпті. Соны әкем жарықтық иығымен итеріп шығарыпты. Сәбит Мұқанов, Ахмет Жұбанов, Жайық Бектұров, Естай Мырзахметов еңбектерінде балуан атамызға қатысты дәл осындай көрініс бар. Ол қос ат жегілген үйме шөпті арбаны жалғыз қолымен тартып шығарған. Орыстың риза мұжығы жүгенін қолына ұстап, жаяу кете барғанда бәстің бәсіресін бұзып, арбасын қос атымен қайтып берген екен. Шындығында, Құдайбергенді «әкесінің аузынан түсіп қалғандай» деген сөзді жиі еститінбіз. Балуандығын былай қойғанда әнші, күйші, ағаш шебері болған көрінеді. Оның өз қолымен жасаған қара домбырасы қазір де сақтаулы. Қаршадайынан колхоз, совхоздың қара жұмысына араласып, Макин қаласындағы Ленин атындағы зауыттан зейнеткерлікке шыққан. Ғазизамен әй-шәйсіз 36 жыл отасып, 73 жасында дүниеден озды. Аузынан Алласы, қолынан Құраны түскен емес. Төрт көшелі Тастыөзектің еңселі үйі бой көрсеткеннен-ақ Шайдолла мазасыздана бастады. «Қап, жаңа хабарласып алуым керек еді» дейді. Айтқандай, Ғаз иза апамыз үйде жоқ болып шықты. Кеше ғана Астанадағы қызы Асыл өзімен бірге алып кетіпті. Шайдолла қызық, анасын қарындасы ұрлап алып кеткендей күйіп-пісіп жүр. Мен еш өкінген жоқпын. Дәм бұйырса, кездесе жатармыз. Он екі құрсақ көтерген кейуананың тоқсаннан асқан шағында ұрпағын аралап жүруі, ал жігіт ағасының анасын іздеп қиғылық салуы кез-келгеннің басына жазбаған бақыт. Үлкен үйден дәм татып, Балуан бабамыздың кесенесіне тәу еттік. Қайтар жолда Шайдоллаға алыстан орағытып сауал қойдым. «Кіндіққарағай тумасы, журналист досым Мәули Әлімовті білесің. Марқұм мынадай өлең айтушы еді: «Шолақова шонтиды, Партаға кеп қонжиды...». Бұл кім? – Бұл менің әпкем Әйбат қой. Екеуі сыныптас, деп жанары жарқырай әңгіме бастады. – «Қонжиды» деген сөзде мән бар. Үлкен апамыз Манат екеуінің арасында бала тұрақтамай, шетіней бергендіктен кіндігін Қыстауқарағай ауылының қияңқылау бір ұл баласына балтамен кестірген екен. Атамызға тартқан алып қыз болды. Мазақтап, намысына тиген балаларды ұрып жығып, сынып бөлмесінің ортасына үйіп қояды екен. Көкшетауға таяу Кенесары ауылында тұрады, кіре кетсеңіздер болады. Межелі жерге жеткен соң жұмысы көп әкім Макинкада қалып, Кенесарыға да келіп жеттік. Жол жиегіндегі коттедж үйде тұрады екен. Алдында екі қызыл бұзау арқандаулы тұр. Осы сәт орнымда қалшиып тұрып қалдым. Құдайдың құдіреті, әлгі бұзаудың біреуінің маңдайында «7» әрпі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Оны ұялы телефоныма түсіріп алдым. Енді мына қызықты қараңыз, Әйбат апа 2006 жылғы 31 желтоқсанда, Құрбан Айттың бірінші күнінде бүйірінде «Алла» деген жазуы бар қозы туғанын айтып, ұлы, ауыл имамы Мұрат Қабылбаевтың қозыны ұстап тұрған суретін көрсетті. Діндар ана қажылыққа барып келген. Халық емімен айналысады. Енді білдік, Шайдолла да, оның келіншегі Дәмелі де қажылық парызын өтеп қайтыпты. Мұның барлығын Балуан Шолақ бабаларының аруағы желеп-жебегені деп біледі. – Шешеміз шілде айының соңында біздің үйге келеді. Тіпә-тіпә әлі ширақ, –дейді Әйбат апа. – Әкеміз қайтыс болғанда Манат, мен, Қайролла, Шайдолла ес біліп қалғанымызбен, Асыл, Хамидолла, Есенбайлар әлі кішкентай еді. Үкіметтің берген 4 рубль жәрдемақысымен бәрімізді жеткізді. Қой бақты, сиыр қайырды, балшық илеп үй салды, қара жұмыстың бәрінен қайыспады. Қолы шебер. Түбіт шәлі тоқып, текемет, алаша басатын. Мойымайтын қажырлылығының арқасында Шайдолла Алматы физкультура институтын, Асыл Қарағандыдағы кооперативтік институтты, Есенбай Целиноград машина жасау техникумының күндізгі бөлімін бітірді. Баршамыз ел қатарлы жұмыс істеп, анамызды қуантқандаймыз. Ол кісінің 20 немересі, отызға жуық шөбересі бар. Марапаттан да кенде емес. Соның ішінде Шу қаласына арнайы шақыртылып, Балуан бабамыздың ескерткішінің ашылуына қатысқанын, арнайы медаль алғанын мақтан етеді. Баба ұрпағының ұйтқысы болып жүрген анамызды әрқашан ардақ тұтамыз. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Бұланды ауданы.
Қарлаг құрбандарын түгендеу бүгінде журналист Екатерина Кузнецованың
басты мақсаты болып отыр
Қарағандылық Екатерина Кузнецова кезінде Кеңес Одағы халықтарының шетсіз-шексіз далалық түрмесіне айналған атышулы Қарлаг туралы 30 жыл бойы тірнектеп жинақтай келіп, талай мақала жазған еді. Ол еңбектері оқырман қауым назарына ілікпей қалмады. Соларды құрастырып, былтыр жарыққа шығарған «Қарлаг ОГПУ-НКВД: Столыпиннен Гулагқа дейін» туындысы тіпті, шетелдік тарихшылар тарапынан да қызығушылық тудырды. Жалпы алғанда бұл оның шығармашылық жолындағы алғашқы сүбелі еңбегі емес. Олай дейтініміз, «Қанды 37. Қуғын-сүргіндегі Қазақстан», «Темір тордағы Қарлаг» атты және ату жазасына кесілгендердің тізімі жарияланған жинақтары тозақ отының бұрын-соңды мәлімсіз сырларын бүге-шігесіз алғаш алға жайған болатын. Екатерина Борисовнаның аталған тақырыпты қаламға қазық қылуы жайдан-жай емес-ті. Қытайдың Далян қаласында дүниеге келген ол осындағы ортадан кеңестер еліндегі саяси зорлық-зомбылықтарды естіп өсті. Ағылшын, қытай тілдеріне жетік әкесі ашылып сыр шашпаса да өміріне, балаларының болашағына алаңдаушылық көңіл-күйі жағ дайларының бұлдырлығын аңғартатын. Үнемі үрей үстінде тірлік кешкен Колоколовтар отбасы Сталин өлгеннен кейін ғана Хрущевтің жылымық кезін пайдаланып, тарихи отанға оралуға бет алыпты. Соның өзінде елдің ірі қалаларының біріне қоныстануға рұқсат етілмей, тың игеруге тілек білдірушілер ретінде Қазақстанда қалдырылады. Ақмоланың іргесіндегі Киевка селосына тап болған бұлар ес жинаған соң Қарағандыға табан тірейді. Тағдырдың жазуын қараңызшы, жас қыздың мұнда Қарлагтың қыл көпірінен өткен, бірақ елдеріне қайтуға жолы кесілген жандармен аралас-құралас болатындығы қаперінде жоқ-тын. Олар қалада көп екен. Өзі білім жалғастырған мектепте ағылшын тілінен, физика пәнінен сабақ беруші ұстаздарының Қарағандының айналасындағы тікенек сымды қоршауларда 10 жылдан астам жазықсыз зардап шеккендерін кейіннен білді. Жастайынан армандаған мамандығына қолы жетіп, облыстық «Индустриальная Караганда» газетіне жұмысқа орналасқанда зобалаң жылдар зұлматын көріп, тақсыретін тартқандар әлі аз болмайтын. Редакцияға жиі соғатын аға әріптесі Жайық Бектұровтың сталиндік зұлымдықтың куәгері екенін зайыбы арқылы біліп, сыр тартуға талай талаптанған. Адам төзгісіз азапты бастан кешірген осы бір аяулы жанның кейде оңаша сәттерде айтып қалатын әңгімелері қойын дәптеріне түртіле беретін. Көптен көкейін мазалаған тақырыпқа осылайша сүрлеу салынып, өткендегі алапат-кесапаттардың себеп-салдарын ашып көрсетуге құлшыныс күшейген. Зерттеулік ізденістерді тоқтатпауы ақырында жемісі мен жеңісін әкелді. Қоғамда күрт өзгеріс туып, талай жылғы құпиялар ашыла бастағанда саяси тұтқындар тоғытылған кеңестік лагерьлердің алыбы Қарлаг жайлы алғашқы деректі материалдар бұл уақытта қалам тәжірибесі толысқан Кузнецованың қолынан бірінен соң бірі шығып жатты. – Олар әрқилы қабылданды. Әсіресе, осынау лагерьдің Спасскідегі, Долинкадағы, Дубовкадағы, Ақтастағы бөлімшелерінің бұрынғы көзі тірі лауазымды қызметкерлері мен күзетшілері арасында қатты ашу-ыза туғызды. Мақалаларды жариялауды тоқтатуды талап еткендер де болды. Алайда, бұлтартпас дәлелдер, заманның жылы лебі өрекпушілер желігін су сепкендей тез басты. Содан бері 200-ден астам материал жарияланып, таңдаулылары кітаптарыма енгізілді. Расын айтқанда, бұл ауыр тақырып. Жазу барысында жан сыздатып, өзек өртеп отырады. Бірақ ақиқат үлкен сабақ. Сондықтан Қарлаг қасіретін барынша ашып көрсетуді жалғастыру қаламгерлік парызым деп білемін, дейді Екатерина Борисовна. Әділетін айтқан жөн, оның мақалалары арқылы соңғы уақытқа дейін тағдыры белгісіз болып келген біраз адамдардың есімдері қайта тірілді. Мәселен, Кәрібоз Шектібаев атты азаматтың Қарағанды қаласының тұңғыш басшысы міндетін атқарғаны былтырдан бері ғана мәлім болды. Оған қызметі жоғарылау кезінде жалған жала тағылып, ату жазасына кесілгені туралы деректі жария еткен де осы кейіпкеріміз. Сол үшін Кузнецоваға Шектібаев ұрпақтарының алғысы шексіз. Округтік прокурор Хамза Дәуітовтің заңдылықты қорғап, әділдікті талап етуге тырысуы баскесерлерге ұнамауы салдарынан өзі құрбан болуы жаңадан ашылған мағлұматтардың бірі. Қарлаг құрсауында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің де аз болмағандығын, атап айтқанда соғыс жылдарында 16 жасқа дейінгі 40 баланың, ал 18 жасқа толмаған 180 жеткіншектің ересектермен бірге азап шеккенін анықтаған да сол. Бір айта кететін жайт, сол жеткіншектердің ішінде Ленин туралы деректі фильмдер түсірген Борис Гибердің, Коминтерннің мүшесі Александр Пятницкийдің балалары болғаны да айғақталды. Бұл күнде қаламының басты тақырыбын зерттеп, тың мақалаларды жазуды жалғастырушы, қиыннан қия қазған әріптесіміз Екатерина Кузнецова шығармашылық мақсатына берік. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ. Суретте: Е.Кузнецова мен Ж.Бектұров.
Алтын басты аналар көп қазақта Әрбірқазақәйелі – даналықмектебі, сұлулықсимволы. МысалүшінәкемЙамұхаммедтіңҮрәйла, Шоқандегенекіанасыжайлыайтқымкеледі. АтамӘділбекбелқұ