«Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Nur Otan» партиясының қалалық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті. Тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, еңбек құқығын бұзу, жануарларды заңсыз ату, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша мәселелер көтерілді.
Қаладағы тұрғын үй тұрғындарының бірі лифт ақысын уақытылы төлегенімен, кей кезде олардың жасамайтынын айтты. Бұдан бөлек өз бетінше орнатылған металл қоршаулар алып тастауды сұрады.
4 ай ішінде елорда әкімі А. Көлгінов 630-дан астам азаматты қабылдады. Сонымен қатар азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында жүйелі түрде өткізіледі. Көтерілген әрбір мәселе бақылауға алынып, олар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.